Жексенбі, 24 Қараша 2024
Осы ғой енді... 4742 0 пікір 13 Қазан, 2016 сағат 08:19

М.БОҚАЕВ ПЕН Т.АЯННЫҢ СОТЫ. НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

(Сурет Азаттық сайтынан алынды)

№2 Атырау қалалық сотында М. Боқаев пен Т.Аяновтың ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. Алғашқы күні түстен кейін қорғаушы тарап сотқа бірқатар өтініш хаттарын оқып берді. Айтарлығы, бұл көрініс қорғаушылардың арасындағы өзара қарама-қайшылықтарға ұласты. Талғат Аяновтың қорғаушысы Төлепқали Аянов мемлекеттік айыптаушыларға, өз әріптесі Макс Боқаевтың қорғаушысы Жанар Балғабаеваға наразылық білдірді.

«Мен бір мезгілде М. Боқаев пен Т. Аянның қорғаушысы болып табыламын. Өйткені оларға тағылған айыптар бірдей. Менің әріптесім Жанар Балғабаева М. Боқаевтың қорғаушысы болып отыр. Ол бұрын қорғаушы есебінде Ринат Кибраевқа заңгерлік қызмет көрсеткен. Ринат Кибраев бұл іс бойынша куәгер ретінде шақырылған. Ол тергеуге Талғат Аяновқа қатысты түсінік берген. Сол түсінігінде Талғаттың Алматыда шеру ұйымдастыру мақсатымен белсенділермен кездескенін және қолында Т. Төлешовтен алған 50 мың АҚШ доллары болғаны туралы айтыпты. Маған Р. Кибраевты қорғаған адаммен қатар отыру ыңғайсыз. Ертең ол қорғаған адам сотқа келіп, түсінік береді», - деді сотта Төлепқали Аянов.

Еске сала кетсек, сотқа дейінгі тергеуде түсінік берген Ринат Кибраев  Т.Аянов пен М.Боқаевтың арам пиғылы мен жоспарлары туралы, атап айтқанда шеру ұйымдастыруға қаражатының барын алдын-ала білгенін айтқан. «3 мамырдың түнінде Марлен, Талғат және мен үшеуміз «Алтын сарай» саунасына бардық. Талғат ішімдік ішіп отырып, өзіне Атыраудағы шеруді ұйымдастыруға Оңтүстік Қазақстанның әлдебір адамдары көмектескенін мақтанышпен жеткізді. Әңгімесінен ұққаным: ол әлгі ақшаның бір бөлігін өз қажетіне жұмсап, қалған бөлігін Марленге сақтап қоюды тапсырған»,- делінген куәгердің тергеушілерге берген түсінігінде.

Өзіне сөз кезегі келгенде М. Боқаевтың қорғаушысы Жанар Балғабаева Төлепқали Аяновтың өтінішінің негізсіз екенін мәлімдеді. «Мен Талғат Аяновқа қатысты түсінік берген Ринат Кибраевтың мүддесін қорғадым. Ал қазіргі сотта Макс Боқаевты қорғауға келдім. Біріншіден, ол түсініктердің негізін тыңдау керек. Ол жерде қандай да бір қайшылықтар бар-жоғын сонда көреміз. Екіншіден, мен Макс Боқаевтың қорғаушысымын, ендеше ешқандай қайшылықтар болуы мүмкін емес. Сондықтан өтініш хаттың екінші бөлігін қанағаттандырмау керек деп санаймын»,- деді Ж. Балғабаева.

Осылайша сот басталмай жатып, қорғаушы тараптың арасында өзара бәсекелестік, жікшілдік орнады. Жанжал ұлғая бастаған кезде қорғаушылар сотталушы М.Боқаевпен және өзара ымыраға келу үшін үзіліске шығуға мәжбүр болды. Айта кетелік, сотта М. Боқаев пен Т. Аянды әзірше алты қорғаушы қорғауда.

Кемел Қарасартов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650