Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2346 0 пікір 12 Қазан, 2016 сағат 10:32

Оңтүстікте «Ontustik Tourism-2016» Халықаралық туристік форумы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Халықаралық «Ontustik Tourism-2016» туристік форумына Кувейт, Македония, Испания, Пәкістан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілері мен Консулдары, шет елдік және қазақстандық туристік операторлар, жоғары оқу орындары мен 10 шақты шет елдік БАҚ өкілдері, оның ішінде Ұлыбританияның «US Television», Испанияның «EFE» ақпараттық агенттігі, сонымен бірге, еліміздің өзге облыстарынан келген делегациялар да қатысты.

Еліміздегі туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек Жолының жүрегі» ретінде дамытуды позициялау мақсатында өткізіліп жатқан екі күндік шарада бизнес-конференциялар өткізіліп, «Silk Way Tourism Fair» туристік көрмесі мен облыс бойынша ақпараттық турлар ұйымдастырылды.

Форум аясында Оңтүстік өңіріне инвестиция тарту бағытында, экономикалық-іскерлік маңызы бар бірқатар меморандумға қол қойылды. 

Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстікте туристік шатырлы қалашық салынатынын хабарлаған ек. Келесі жылы «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында «Эко Кэмпинг» жобасының құрылысы басталмақ. Бұл жайлы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен «Ontustik Tourism-2016» Халықаралық туристік форумы барысында мәлім болды. Халыққа қол жетімді бағада ұсынылатын шатырлы қалашық туристке қажетті барлық жабдықтармен қамтылатын болады. Тағы бір айта кететін жайт, мұндағы жарықтандыру күн батареялары есебінен жүзеге асады. Оңтүстіктің туристік әлеуеті мен тау туризмін және альпинизмді дамыту мақсатында қолға алынған жобаны «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ мен «Ontustik» альпинизм Федерациясы бірлесе іске асырмақ. Сонымен қатар, туристік форумда бірқатар шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында 7 меморандумға қол қойылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5662