Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4418 0 пікір 11 Қазан, 2016 сағат 16:17

ОҚО-да «Ұлы Дала Ұландары» облыстық туристік жарысы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында «Облыстық жас туристер станциясы» мекемесінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Ұландары» ашық облыстық туристік жарысы өтті.

Төлеби ауданы Біркөлік шатқалында орналасқан «Тау барысы» туристік лагерінде өткізілген шараға Кентау, Түркістан, Арыс, Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Созақ, Мақтарал, Шардара, Қазығұрт, Отырар, Сарыағаш, Бәйдібек және Арыс қалалық, аудандық жас туристер станцияларынан 17 топ, Сарыағаш ауданындағы «Самал», Түркістандағы «Хамза» мектептерінен 4 топ және Шымкент қаласы мектептерінен 18 топ, жалпы саны 252 оқушы, 73 жетекші қатысты.

Қатысушылар 5 күн бойы далалық жағдайда шатырда түнеп, асты отқа дайындады. Сонымен бірге, іс-шара кезінде оқушылар «Бағытты көзбен анықтау», «Жартасқа өрмелеу», «Қорытынды туристік бағыт», «Капитандар», «Эмблема», «Әндер» сайыстарына қатысты.

Осылайша, қалалық, аудандық жас туристер станциясы топтары арасынан жарыстың жалпытоптық қорытындысы бойынша І орынды Сайрам аудандық жас туристер станциясы жеңіп алса, ІІ орын Түркістан қалалық жас туристер станциясына берілді. Ал жүлделі ІІІ орынға Отырар аудандық жас туристер станциясы лайықты деп танылды.

Қала мектептері топтары арасынан жарыстың жалпытоптық қорынытындысы бойынша І орынға Шымкенттегі №55 мектеп ие болса, ІІ орын №27 мектепке бұйырды. Ал ІІІ орынға №28 мектеп лайықты деп танылды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1172
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2697
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 818
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 789