Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2667 0 пікір 11 Қазан, 2016 сағат 16:14

ОҚО ұстаздары ата-аналармен жұмыс жүргізу бойынша көш басында

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен осы жылдың 10 қыркүйегінде «ХХІ ғасыр ата-аналарының: «Өз балаңа үлгі бол!» акциясы жарияланған болатын. Бұл туралы "Абай ақпарат" порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

1 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологиялық- педагогикалық көмек ретінде өткізілген республикалық шараға облыс бойынша 892 мектеп пен орталықтандырылған білім беру мекемесі қатысып, 60 мыңнан астам  ата-ана жұмылдырылды. 

Мектеп пен  ата-ана арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесінде мұғалім ғана емес, әке мен ананың рөлін күшейту мақсатында өткізілген акция 7 қазан күні Елордада өткен дөңгелек үстелде қорытындыланды.

Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдары ішінен озық методикаларды пайдалана отырып, ата-аналармен жұмыс жүргізуде көш бастаған Оңтүстік мұғалімдері түрлі аталымдағы 32 марапатқа ие болып, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы ең үздік білім беру ұйымы болып табылды. Сонымен қатар, Астана төрінде Шымкент қаласындағы №83 орта мектеп ұжымының ата- аналармен жиын үлгісі көрсетілді.

Айта кетейік, Оңтүстік өңірде мұндай тәрбиелік іс-шаралар жиі өткізіліп келеді. Облыс әкімінің бастамасымен ОҚО-да ана мен бала арасындағы отбасылық тәрбиенің маңызын арттыруға бағытталған бірқатар шаралар атқарылғанын хабарлаған ек. Облыстық ІІД қызметкерлері де ата-аналарға педогогикалық жұмыстар жүргізген болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671