Екібастұз дәрігерлері баласы қаза болған әйелге моральдық залал ретінде Т300 мың төлеуге міндеттелді
Павлодар. 3 қырқүйек. ҚазТАГ - Екібастұз қалалық сотының шешімімен бас миының зиянды ісігінен қаза болған 1,5 жасар Милана Торопованың анасына моральдық залалдың орнын толтыруға міндеттелді, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.
М. Торопова - Мария Подорожнаяың жалғыз баласы - 2008 жылдың желтоқсанында қайтыс болды. Баланың өлімі фактісі бойынша тексеру жүргізген денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы дәрігерлердің жұмысында бұзушылықтарға жол берілгенін анықтаған. Қан сараптамасынан анық көрінген патологиялық өзгерістерге қарамастан, бала «стационарлық емшараға және облыстық балалар ауруханасына зерттеуге жолданбаған».
«Аурудың диагностикасы кеш жасалған», «облыстық балалар ауруханасына түскен сәтте баланың жағдайының ауырлығына сәйкес жеткілікті деңгейде дәрі-дәрмектік оңалту жасалмаған» және «Жедел жәрдем станциясының» дәрігерлері кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған», делінген комиссия жасаған қорытындыда.
Бұған дейін Павлодар облысының денсаулық сақтау департаменті учаскелік дәрігер Х.Құрбановаға, балалар невропатологы З.Ахметжановаға, «жедел жәрдем» қызметкерлері И.Негодюк пен А.Ахмеджановаға қатысты ҚР ӘҚБК 85 б.1б. бойынша әкімшілік өндіріс қозғап, 10АЕК көлемінде әкімшілік айыппұлдар салған болатын.

Биыл мамыр айында М. Подорожная емхана мен жедел жәрдем қызметінен Т2 млн талап етіп, моральдық залалдың орнын толтыру туралы шағым түсірді. 2 қырқүйекте Екібастұз қалалық сотының судьясы Марат Дәйкенов шағымды жартылай қанағаттандыру туралы шешім шығарды.
№1 емхана М. Подорожнаяға Т250 мың, жедел жәрдем Т50 мың төлеуге міндеттелді. Тараптар бұл шешімге қарсы арыз бере алады.