Жексенбі, 24 Қараша 2024
Тажал-Ғазал 2969 0 пікір 10 Қазан, 2016 сағат 10:03

АҚТӨБЕДЕГІ ТЕРАКТ. ІС СОТҚА ТАПСЫРЫЛДЫ

Ақтөбе облысы прокуратурасының хабарлауынша, 5 маусымда қалада жасалған қарулы шабуылдар туралы істі тергеу аяқталды және іс сотқа тапсырылды. Қылмыстық жауапкершілікке 29 адам тартылды, оның 28-і абақтыда отыр.

Ресми мәлімет бойынша, тоғыз азамат "теракт жасауға тікелей қатысқан", 18 азамат "әзірленіп жатқан қылмыс туралы хабарламаған", екі азамат "қылмысты бүркемелеген".

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, күдіктілердің барлығы тергеу кезінде "кінәларын толық мойындады".Оларға қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Шабуыл кезінде және одан кейінгі арнайы операциялар барысында қаза тапқан 18 күдіктіге қатысты іс жабылып, тергеу аяқталды.

Іс бойынша 101 адам жәбірленуші деп танылды. Істі Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта қарайды.

Ақтөбе қаласында 5 маусымда қарулы шабуыл болды. 26 қарулы кісі қаладағы екі қару-жарақ дүкенін басып алды. Шабуылдар кезінде және одан кейінгі арнайы операциялар барысында 20-дан астам адам қайтыс болды, 40-қа жуығы жараланды. Билік шабуылды "діни радикалдық топ" ұйымдастырды деп есептейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5711