ОҚО әкімі бельгиялық кәсіпкерлерді қабылдады
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ірі бельгиялық «WILLEMEN Groep NV компаниясының президенті Йохан Виллемен және аталған компанияның өкілдерін қабылдады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен ірі бельгиялық «WILLEMEN Groep NV компаниясының президенті Йохан Виллемен және аталған компанияның өкілдерінің
келіссөздер барысында өңір үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары инвестициялық жобалар талқыланды. Атап айтқанда нәтижесінде Шымкент қаласында онкологиялық орталықтың құрылысы жобасын әзірлеу туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Бұл жобаның инвестициялық көлемі 250 млн. евро. Онкологиялық орталықтың қуаттылығы 350 орындық. Сондай-ақ, іскерлік кездесу барысында, бельгиялық іскерлер Сарыағаш-Мақтарал автожолының құрылысы және Шымкент әуежайы терминалын жаңғырту құрылысы жобалары бойынша жұмыс істеуге әзір екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында, өңіріміздің басшысы жобаларды әрі қарай іске асыру мақсатында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
«WILLEMEN Groep NV» - Бельгияда көптеген жылдар бойы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, автожолдардың және медициналық нысандардың құрылысымен айналысқан компания болып табылады.
Абай-ақпарат