Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2927 0 пікір 4 Қыркүйек, 2010 сағат 08:20

Алдағы қыс Қазақстанда былтырғыдан жылы болады, деп болжайды синоптиктер

Астана. 3 қырқүйек. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Алдағы қыс Қазақстанда былтырғыдан жылы болады, деп мәлім етті «Қазгидромет» ГМО РМК директоры Баян Сазанова.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыс 2009 жылғы қысқа қарағанда жылы болады»,- деді Б.Сазанова жұма күні  баспасөз мәслихатында.

«Күз бен қыстың басы желтоқсан айының ортасына дейін жылы болады деп отырмыз», - деді ол.

Б. Сазанова желтоқсанның 20-сына қарай қаңтар мен ақпандағы ауа райы бойынша нақты болжам жасау керек екенін айтты.

«Қазгидромет» РМК аға инженері Айнүр Әбенованың ақпаратына сәйкес, алдағы демалыста, яғни 3-5 қырқүйекте антициклонға байланысты күн суытады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 0-7 жылыға, күндіз +18-23 градусқа дейін төмендейді. Айдың ортасында үсік түсуі мүмкін. Ең жылы күндер бірінші және үшінші онкүндікте, ауа температурасы түнде 6-15, күндіз 16-29 градус жылы болады.

Қазақстанның батысында жауын-шашыны бар күздің алғашқы суығы келесі аптаның басында, айдың екінші жартысында және соңында болжанып отыр: термометр бағаны түнде +5-12, күндіз 17-24 жылы болады. Ашық күндері температуралық фон түнде +15-23, күндіз 30-37, кей жерлерде +42 градус болады.

Ең жылы ауа райы республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында сақталады. Ең жылы ауа райы қырқүйектің бірінші жартысы мен ортасында болжанып отыр. Ауа температурасы түнде +10-18, күндіз +24-34болады.

Қазан айында күн жылы, Қазақстанның батысында ылғалдылық деңгейі төмен болады .

Қазан айының ортасында күн суытады, жел күшейіп, көктайғақ болады.

«Алдын ала болжам бойынша, қараша мен желтоқсан айының басында күн жылы болады. Қарашада Қазақстанның солтүстігінде қар түседі, жел күшейіп, кей жерлерде бұрқасындатады. Аязды ауа райы желтоқсан айының соңында болжанып отыр»,- деді А. Әбенова.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364