Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3029 0 пікір 8 Қазан, 2016 сағат 20:58

Толағай табыс

390 алтын, 384 күміс, 377 қола медаль. Бұл оңтүстікқазақстандық спортшылардың 2016 жылдың 9 айындағы ел чемпионаттары мен біріншіліктерінде қанжығаға байлаған олжалары. Ал, Азия чемпионаттарында 19  алтын,  15  күміс және 19  қола медальге ие болды. Әлем чемпионаттары мен Кубоктары жайында сөз қозғар болсақ, 16  алтын, 8  күміс және 7 қола медаль жеңіп алған. Осының барлығын қосып есептер болсақ, 9 айда өңір спортшыларының қоржынына 1235 медаль түскен.

Соңғы  бес жылда республика аумағында айрықша абыройға ие болған «Қазақстан Барысы» жобасы аясында өтіп жүрген қазақша күрес спорт түрінен оңтүстікқазақстандық палуандардың бабы келіскенімен, бағы жанбай жүрген болатын. Осы жылы 3 шілде күні Астана қаласында өткен республикалық ақтық сайыста жерлесіміз Жұманазар Ерсұлтанов «Қазақстан Барысы – 2016» сайысының  2 орын иегері атанды. Ал 2016 жылдың 5-21 аралығында XXXI жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан  Жазира Жаппарқұл күміс, дзюдодан Галбадрах Отгонцэцэгтің қола жүлдені жеңіп алғаны үлкен жетістік есептеледі.

Оңтүстіктің спорты жайлы деректі сөйлетсек, өңірде 32 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 124 Қазақстан Республикасының спорт шебері және 713 спорт шеберіне үміткер дайындалды. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамына               оңтүстіктен 411, жастар құрамасында 415, жасөспірімдер құрамасында 263, жалпы 1089 спортшы бекітілген.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1505
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3278
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5755