Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2965 0 пікір 4 Қыркүйек, 2010 сағат 08:22

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындары Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне өз қаржыларына ескерткіш орнатты

Өскемен. 3 қырқүйек. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстанның Көкпекті ауданындағы Подгорное ауылының тұрғындары өз қаржыларына жерлестері, Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне мемориалдық кешен орнатты.

Подгорный ауылдық округынан хабарланғандай, ШҚО-ның бұрынғы Самарский ауданынан төрт майдангер Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Оның үшеуі Подгорное ауылының тұрғындары: Николай Фонов, Иван Яроцкий, Сергей Седнев.

Шағын ауылдан майданға 170 адам аттанған, 48-і елге оралды. Қаза болған жерлестерінің құрметіне және Жеңістің 65 жылдығына орай подгорныйлықтардың бастамасы бойынша және олардың қаржысына елді мекенде мемориалдық кешен - қаза болған батырлардың есімдері жазылған қара гранит стеласы, Кеңес Одағы Батырларының есімдері жазылған мәрмәр тақта және қапталған қоршау орнатылды.

«Біздің ұсынысымызға Подгорный тумалары, қазір алматылық кәсіпкерлер, жергілікті кәсіпорындардың басшылары болып табылатын азаматтар бірден үн қатты. Біреулері материалдарға қаржы бөлсе, басқалары жұмыстарды тегін орындады. Енді мемориалды абаттандыру жұмыстары - ағаш отырғызып, орындықтар қою ғана қалды. Болашақта бұл жерде интернационалист жауынгерлерге арнап стела да орнатылуы мүмкін», - деді бастамашылар тобының жетекшісі Қобылан Қамзин.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369