Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3677 0 пікір 7 Қазан, 2016 сағат 17:22

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС КОМИТЕТІ ОНЛАЙНДА ҚАЛА БЕРЕДІ

Кеше кешкісін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин facebook  әлеуметтік желісіндегі «Көлеңкелі бизнеспен күрес» ашық тобында «Құрметті достар! Біз барлық әлеуметтік желіден оффлайнға кетіп жатырмыз. Жазбаша сұрақ-жауап түрінде жұмыс жасаймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!» деп жазған еді.

Ал, бүгін Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдан жоғарыдағы мәселенің мән-жайын сұрап білдік.

Мұрат Жұманбай, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі:

- Мемлекеттік кіріс комитетінің әлеуметтік желілерден кетеміз деген ойы болған. Оның себебі, кейінгі кезде комитет әлеуметтік желілерде тым белсенді болды әрі ақпарат өте шықты. Сондықтан әлеуметтік желідегі жұмысымызды бәсеңдетеміз деген ойымыз болды. Бірақ, комитеттің әлеуметтік желідегі парақшаларына жазушылардың парақшаларды жаппау, оның ақпараттық ашықтық саясатына қайшы келетінін айтқан көптеген өтініштерінің негізінде біз бастапқы ойымыздан қайттық. Ендігі жерде әлеуметтік желідегі жұмыстарды бұрынғыдай жүргізіп, әрбір қадамымызды қоғамға хабардар етіп отыруымыз үшін қоғамдық арналардың барлық тетігін пайдаланатын боламыз. Ал, әлеуметтік желілер туралы әңгімеге бас прокуратураның қатысы бар деген сөз жаңсақ пікір, жалған сөз.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1505
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3278
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5752