Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2723 0 пікір 4 Қазан, 2016 сағат 21:02

Иран тауар өндірушілерінің көрмесі өтуде

Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы өңірге инвестиция тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқаруда. Облыс басшысы Б.Атамқұлов жуырда Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мотжтаба Дамирчилмен кездесуінде осы мәселені де талқыға салды. Екіжақты кездесу барысында Қазақстанда жасалмайтын тауарларды өндіру мақсатында біріккен кəсіпкерлік құру жайын талқыланды.

«Облыс әкімі мәртебелі мейманды Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, иран компанияларын әріптестікке шақырды. Мұнан соң, облыс əкімі мен елші Иранның Хорасан облысының кәсіпкерлері ұйымдастырған тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты. Иран кәсіпкерлері Қазақстанға екі елдің өңірлері арасындағы туризмді дамыту мақсатында Месхед-Шымкент әуеқатынасын ашуды ұсынды және осы мақсатта жұмысты жандандыруды қолға алмақ», - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Иран Ислам Республикасы біршама уақыттан бері Қазақстанның стратегиялық маңызды халықаралық әріптестерінің бірі болып табылады. Мәселен, 2015 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі 700 миллион АҚШ долларына жеткен. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш әлі де көтерілетініне екі жақ та сенімді.

Жоғарыда аталған көрмеде ирандық 97 кәсіпкер тоқыма және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау салалары бойынша өндірген өнімдері мен кір жуғыш ұнтақтарын ұсынды. Өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлер де өз өнімдерін ұсынып, әріптестік байланыстар орнатуға сөз байласты.  

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5405