Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3013 0 пікір 4 Қазан, 2016 сағат 10:04

Украина Ресейден Роман Сущенконы тез арада босатуын талап етті

Украина Қорғаныс министрлігі Барлау басқармасының басшысының мәлімдеуінше, Мәскеу тыңшы деп айыптаған журналист Роман Сущенко барлау қызметінде істемейді.

Бұған дейін Ресейдің Федералдық қызметі украиналық журналист Сущенконың қамалғаны туралы хабарлаған болатын. Ресейлік арнайы қызмет оған украиналық әскери қызмет үшін Мәскеуде мәлімет жинаумен айналысты деген күдік тағып отыр.

Қазір Сущенко тергеу абақтысында отыр. 1 қазанда сот оны екі айға қамау туралы үкім шығарды.

Адвокат Николай Полозовтың айтуынша, украиналық журналистің ұсталуын "кісі ұрлау" қылмысына жатқызуға болады.

Роман Сущенко "Укринформ" агенттігінің Ресей астанасындағы тілші болып істейді. "Укринформ" журналистің қамауға алынуын "арандатушылық" деп атады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404