Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2890 0 пікір 4 Қазан, 2016 сағат 10:03

АҚШ Сирия жөнінде Ресеймен ақпарат алмасуын тоқтатты

Associated Рress агенттігінің АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, Вашингтон Сирия мәселесі бойынша Мәскеумен ақпарат алмасуды тоқтату туралы шешім қабылдады.

Өткен аптада мемлекеттік хатшы Джон Керри ресейлік әуе күштері Алеппоны бомбалауын тоқтатпаса, Ресеймен Сирия жөніндегі әріптестігін үзетінін ескерткен болатын.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, Ресей биыл қыркүйекте жасалған келісім шарттарын орындаған жоқ. Құжат Сирияда бейбітшілік орнату, қоршауда қалған қалаларды гуманитарлық көмекпен қамтамасыз ету туралы еді.

АҚШ Сириядағы іс-әрекеттерді үйлестіру жөнінде Ресеймен бірлескен орталық құру үшін жіберген мамандарын қайтарып алады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл қадам Сирияда террористермен күрес мәселесінде екі ел арасындағы коммуникацияға кесірін тигізбейді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395