Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4765 0 пікір 2 Қазан, 2016 сағат 15:25

ЖЕР ЗАҢНАМАСЫ ЖЕТІЛДІРІЛМЕК

Кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде осы Министрліктің жанында жер заңнамасын жетілдіру жөнінде құрылған жұмыс тобының қызметі барысы туралы таныстыру болып өтті, - деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Жұмыс тобы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтың 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 бұйрығымен құрылған. Жұмыс тобы құрамына 39 мүше: мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ҚР Ғылым академиясының ғалымдары кірді.

Жұмыс тобының негізгі міндеті – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын жетілдіру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу болып табылады.

Бұл міндет жұмыс тобына Мемлекет басшысының «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 10 мамырдағы № 38-ө өкімі негізінде қалыптасқан Жер реформасы жөніндегі комиссия қызметінің қорытындылары бойынша 2016 жылғы 17 тамыздағы № 3214 тапсырмасының негізінде жүктелген.

Жұмыс тобының жетекшісі ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаев.

Таныстыру барысында Ерлан Нысанбаев жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндады.

Оның хабарлауынша, бүгінгі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді. Заң жобасының тұжырымдамасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін орналастырылды, сондай-ақ, құқықтық сараптамаға жолданды.

Оның негізінде қазіргі уақытта Заң жобасы әзірленіп жатыр.
Заң жобасы негізінен Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Заң жобасының негізгі мақсаты Жер реформасы жөніндегі комиссияның қабылдаған ұсынысының негізінде қазақстандықтарға ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жерлерді жалға беру нормаларын жетілдіру болып табылады.

Заң жобасы ауыл шаруашылығы жерлерін берудің ашық механизмдерін белгілеуге, сондай-ақ, жерледі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталатын болады.

Вице-министрдің айтуынша жер қатынастары саласындағы өзара қарым-қатынастың ұсынылатын жаңа жүйесі азаматтық қоғамның дамуына, жергілікті атқарушы органдар қызметінің жариялы болуына ықпал етеді, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін беру процестерін ақпараттандыруға және оның ашық болуына бағдарланған.

Әзірленген соң Заң жобасы көпшілік талқылауына ұсынылатын болады.
Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне енгізілуі ағымдағы жылдың қараша айының аяғына жоспарланып отыр.

Анықтамалық: Жалпы республика бойынша 31,3 мың га жерді шетелдік жер пайдаланушылары жалға алып отыр. Жалпылай алғанда, ел аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі 100835,4 мың га құрайды және мұндағы шетелдік жер пайдаланушылардың үлестік салмағы 0,03%.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373