Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3219 0 пікір 5 Қыркүйек, 2010 сағат 07:31

Ермұрат Бапи. АЛТЫКЕННІҢ АСҚАРЫ БІЗ ЖЕТПЕГЕН АСУ БОЛДЫ

Алтынбектің асқарына барып қайттық. Бірақ басына шыға алмадық. Расында, ол қандай асқар болмақ, егер біз бір күнде басына ызғып шықсақ...

Кегеннің жазығынан шығып, На­рын­қолдың кең қолтығына кіре бер­ген­­де, Лабасы деген тау басталады. Оны біреулер «Іле басы» дегенді біл­діреді десе, марқұм Алтынбектің жо­ғын іздеген Рысбек аға «Лабасы» деген қалмақ батырының аты деген жорамал айтты.

Бізге бәрібір. Енді оның атауы «Алты­кеннің асқары» деп аталады. Нарынқолдың аңғарын қақ жарып жатқан таудың тұрпаты да қызық: жазықта жау оғынан жазатайым шөк­кен тұлпардың қарағай-жалы төгіліп, тәкаппар мойыны иілмей, ұмтылған күйінде қатып қалған сияқты. Ұшар шыңы қайран тұлпардың құлағындай көкке қадалып, жел қаққан қатпар-кекілді қасқа маңдайы Қытай жаққа үдірейе қарап жатыр.

Бәлкім, отарлаудың ойраны санасына сіңіп қалған қазақ қалмақтан қалған атауды бірер жылда алмастыра алмас. Бірақ Лабасының басындағы Алтынбектің биігі таяу тарихтың картасына түсері хақ.

Ауа райы сол күні сан құбылды: тауға өрмелегендер ертемен етектен өрлегенде басталған жауынның соңы түске таман қыр арқадағы қиыршық қарға ұласты. Денін журналистер құраған экспедицияның алды бел орта асқанда,Лабасының сауырын тұман   басты. Негізгі топтан ұзап кеткен Серғазы бауырым биікке екі асу қалғанда, Алтынбектің сабақтасы Құралаймен бірге ақ көрпедей қымтаған тұманға оранып қалыпты... Біз төменге түскенде күліп жатырмыз: «Арумен бірге асуда қалған Серғазыға жел жалаған жартас та мамық...» - деп.

Ал ең ұзақ кеткен екеу - Алтынбектің екінші ағасы Қайнарбек пен «жасалаштық» Диляр Алтыкеннің биігіне таяқ тастам қалғанда, шайдай ашылған күн ұясына батып бара жатқан. Кейін қайтар жолы түннің ортасына таярын сезген ол екеуі биіктегі мәңгі мұздақтан тамған суға беттерін жуып, кейін қайтуға мәжбүр болыпты. Олар етектегі қосқа жеткенде, маңайдағы қойлы ауыл қалың ұйқыға кеткен кез еді.

Ертеңінде бізді Алтынбектің мұғалімдері мектепке шақырды. Жоспар-жоралғыларын айтты. Келер жылы Алтынбектің қапыдағы қазасына бес жыл толады - қайғылы датаны атап өтуге азды-көпті қам жасап жатыр екен. Алтынбекке арналған сынып ашу ойларында бар. Иманды ишара екен - оған біз өз ойымызды қостық.

Ал 2012 жылы ...елуге толар еді. «Өлінің қамын тірі жер» деп, Нұрлан бауырым жырлап өткендей, тірі болсақ, ол күнге де жетерміз. Сонда біз армандағы аруақтың рухы алдында айтарға сөз таба аламыз ба?!

Біздің арамызда: «Сыныпты аштырмайды-ау...» деген өкінішті ой болған. Бірақ Сарыжаз мұғалімдерінің өзеуреген өзгенің өңменін тесер сұсы басым: «Ашамыз!» - дейді.

«Әкем-ау, ашпағанда ше! - деймін мен өз ішімнен. - Бір мектеп түгілі, бір ауданнан шыққан Алтынбектей арыс-ты бүгінде шам алып жүріп табасың ба: тәуелсіз Қазақстанның алғашқы министрлерінің бірегейі; Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы; Төтенше және өкілетті елші; Демократиялық қауымдастықтың қыршын кеткен қыраны - бір басы төрт бірдей тұғырға қонып кеткен қазағың қайсы?!».

Иә, биліктегі лауазымды лыпа ауыстырғандай алмастырып, қызметтің қоң-қызылын кезек ерттеп мініп жүргендер аз емес. Кейбіреуінің биліктің биік басына саңғып кеткен қызметін тізер болсаң, қайран қағаз қор боларлық тізім шығады. Бірақ амал нешік, олардың арасынан «Алашым!» деп шыққан азаматың қайсы!?

Бөтен елде бір білгір айтқан екен: «билік шіркін дәмді дастарқан сияқты, оның басынан ешкім өз еркімен тұрып кетпейді», - деп. Алтынбектің феноме-ні де сол - дәмі төгілген биліктің биігін тастап кетті. «Тастап кетті» деген айтар ауызға ғана оңай - қызмет десе ішкен асын жерге қоятын қазекеме «тұрып кету» оңай шаруа емес. Жүр ғой талайы - «айдағаны бес ешкі - ысқырығы жер жарып». Көкесі қуса да кетпейді. Кеткені - аузын ашпайды.

Бұл - қазаққа біткен трагедия. Алтынбек сол қасіретке қарсы шыға білді. Ендеше, туған ауылының адамдары Алтынбекті арда тұтса, алабөтен айып па екен? Халықтың жүрегіне жиналған жылуды үрлеп өшірер күш қайсы?!

...Біз Алматыға қарай бұрынғы Лабасыдан ұзап шыққанда, тасқа айналған тұлпардың сауырына күннің шуағы төгіліп тұрған-ды. Бізге алдырмаған Алтыкеннің асқары мәңгілік көк аспанмен тілдесіп жатқандай.

Ермұрат БАПИ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364