Алматы әлемдік рейтингте алға жылжыды
Алматы қаласы Z/Yen Group консалтингтік фирмасының тұжырымы бойынша Мәскеу, Санк-Петербург, Прага, Хельсинг және басқа да еуропалық астаналарды артта қалдырып, әлемдік қаржылық орталықтар арасындағы бәсекеге қабілетті қалалардың ішінде алға озып, 70-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Sputnik.
Қазақстанның оңтүстік астанасы аталмыш рейтингте 7 позиция бойынша алға жылжыған.
Мәскеу қаласы 17 позиция бойынша арта қалып, 84-орынға, ал Санк-Петербург 85-орынға Прага – 72, Хельсинки – 81 орынға тұрақтаған.
Лондон, Нью-Йорк, Сингапур, Гонконг және Токио қалалары рейтингтің көшбасшысы екенін осы жолы да дәлелдеген.
Алматы қаласын қаржылық орталық ретінде дамыту идеясын 1995 жылы Қазақстан банктері Ассоциациясының мүшелері мен басшыларымен кездескенде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарьаев ұсынған болатын. Бұл идеяны, яғни қаланы қаржылық орталыққа айналдыру ісін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру 2000-жылдары басталды..
Алматы аймақтық қаржылық орталығы деген статусты он жыл бұрын алды. 2006 жылдың ақпан айында Қазақстан Президентінің жарлығымен Алматы қаласында аймақтық қаржылық орталықтың ісін жүргізетін агенттік құрылды.
Abai.kz