КЕНЕСАРЫҒА АС БЕРІЛЕДІ. ҚОЛ ҰШЫН СОЗҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕРГЕ САУЫН АЙТАМЫЗ
Бисмиляһһир Рахмани Рахим!
Құрметті ағайындар!
Жаратқан Иеміз, Бір Алла бұйыртса, келесі 2017 жылы Қазақ халқының соңғы ханы - Кенесарының шаһид болғанына 170 жыл толады.
Осыған байланысты Шолаққорған ауылында (Оңтүстік Қазақстан обылысы, Созақ ауданы), тамыз айының бірінші жартысында (нақты күндері қосымша хабарланады) Хан Кенеге, әкесі Абылайханұлы Қасым сұлтанға және олардың ұрпақтары сұлтандар: Саржан, Есенгелді, Наурызбай, Садыққа тағы басқа атаусыз, ұмыт болған сұлтандардың, сол сұлтандармен бірге опат болған басқа да қазағымның ерлерінің рухтарына арнап құран бағыштап, ас берсек деген хабар таратып, сауын айтамыз!
Осы қасиетті іс – шараға қатысамыз, қол ұшын беріп, өткізілетін мәжіліс-конференциядағы сөз-мақалалар жинағын кітап етіп шығаруға көмек көрсетеміз дейтін азаматтар болса, профессор, Аман Шотаевпен хабарласа деген тілегіміз бар.
Қосымша: Кене хан туралы мақалаларының жинаққа енгізілуіне Қ.Жұмаділов, М.Мағауин т.б. азаматтар ниеттерін білдірді. Қосыламыз деген ақын-жазушы, студент жастар, тарихшы-өлкетанушыларға жол ашық! Мақалардың бұрын жарияланған, жарияланбағандарына да ешқандай шектеу қойылмайды. Ақылдастар Алқасы қарап шығады және ғылыми мақала, көркем сөз т.б. жанрлар үлгісін ұсынушыларға алғысымыз шексіз.
ӘМИН!
Байланыс: Алматы қаласы,
Тел. 8-727-376-06-38, үйі
8-701-798-27-43, ұялы тел.
22. 09. 2016 ж.
Abai.kz