Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3401 0 пікір 23 Қыркүйек, 2016 сағат 18:20

Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген адамдардың басым көпшілігі екінші деңгейлі банктерге кепілдікке қойылған баспаналарын қайта қаржыландыру мәселесін көтерді.

Аймақ тұрғындарының мәселесін мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары қайта қаржыландыру жұмыстарын түсіндіре отырып, алдағы уақытта комиссия отырысында қаралатындығын жеткізді.

Қайта қаржыландыру жайынан бөлек, мұнда әлеуметтік және тұрғын үй алу жайы да айтылды. Өз кезінде Е.Садыр көтерілген өтініш-тілектердің орындалуы бойынша тиісті басқарма мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жалпы бұл күні қоғамдық қабылдауға 15 азамат келіп, өздерінің өтініш-тілектерін жеткізе алды.

Айта кетерлігі аймақ басшылары халықпен қоян-қолтық жұмыс жасап келеді. Тегінде ел басшылары елге түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп, мәселенің мәнін айтып отырса, халық тарапынан үнемі қолдауға ие болары сөзсіз. Алқалы жиындарда Елбасымыздың өзі халыққа түсіндіру жұмыстарының аса қажет екендігін ескертіп отырады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары өткізген қоғамдық қабылдау сол игілікке айналып келе жатқан дәстүрдің бір нышаны болса керек.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385