Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2687 0 пікір 7 Қыркүйек, 2010 сағат 14:09

Қасқабас Қазақ. «Эйр Астана» ұлттық компания ма?

Жуырда шетелге демалып келген бір жолдасымыз телефон шалды. Қал-жағдайды сұрасып болған соң, «Осы «Эйр Астана» компаниясы қай елге қарайтын еді? Қазақстан Республикасы оның негізгі үлескері, акционері емес пе еді?», - деп сұрақ қойды. «Ия, «Самрұқ-Қазынаға» кіретін ұлттық компанияның бірі», - дедім сасқанымнан. «Жай ма, тыныштық па?», - деп ентелей жөнелдім. Оқырманымыздың әңгімесі мынау:

«Олай болса масқара екен. Сол әуекомпанияның ұшағына мініп Түркияға бардым. Ұшаққа жайғасып, жүктерімізді жоғарғы сөреге салып, жайғасып алдық. Қасымыздағы үшінші орынға қазақшасы тәп-тәуір түрік жігіт отырды.  Біздерге қарап: «Мыналарың ұят екен. Ұшақтағы қазақша жазудың барлығы дерлік әріп қатесімен жазылған екен», - деп мырс-мырс етті. Әйеліміз екеуміз жан-жағымызға қарап, қазақша атауларды оқып, баратын жерімізге жеткенге дейін жолдасымыз екеуіміз үн қатпай отырдық. Тек шығарда ұялы телефонымды алып, әлгі жазудың біреуін суретке түсіре салдым.        Бір қызығы ұшақтағы қызметкерлердің барлығы дерлік қандастарымыз. Қазақшалары да жақсы. Сонда жаңағыдай олқылықтарды көрмей ме, көрсе басшыларына шағымдарын айтпай ма деп ойланып келдім».

Сол оқырманымыздың суретін порталға салғанды жөн көрдік. Осы мақаланы ұлттық компанияның, оны басқаратын «Самрұқ-Қазынаның» басшылары мен қызметкерлері көретін шығар деп сенеміз. Ең болмаса осындай болмашы мәселеде ұлтымыздың абыройын төкпей, қазақ тілінің берекесін кетірмей, барлығын дұрыстап жазар деп үміттенеміз. Компанияның әрі кетсе елу ұшағы бар болар. Солардағы қазақша жазулардың барлығын қайта жасаттырып, түзейтін болар деп сенеміз.

Сонымен қатар, портал редакциясы жаңа айдар ашып, оқырмандарымызды мемлекеттік органдардағы, компаниялардағы, көшелердегі осындай «олқылықтарды» суретке түсіріп, порталдың поштасына салып тұруға шақырады. Оларды сайттарда жариялап, тиісті қоғамдық пікір тудырып, тарихи және тілдік әділеттілікті орнату үшін бірге күресейік, ағайын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385