Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2470 0 пікір 8 Қыркүйек, 2010 сағат 05:12

ИЖТМ басшысы Ресеймен арадағы ғылым, инновация мен жаңа технологиялар саласындағы қолданыстағы келісімдерге ревизия жасауды ұсынады

Өскемен. 7 қыркүйек. ҚазТАГ - Әділ Орманов. ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Қазақстан Ресей арасындағы ғылым, инновация мен жаңа технологиялар саласындағы қолданыстағы келісімдерге ревизия жасауды ұсынады.

«Екі елдің президенттерінің ұсыныстарын ескере отырып келесіні ұсынуға рұқсат етіңіздер. Ғылым, инновация мен жаңа технологиялар саласындағы қолданыстағы келісімдерге кедендік одақ қызметі мен жаңа инновациялық индустриалдық бағдарламаларды ескере отырып ревизия жасау керек. Бұл үшін мемлекетаралық жаңа келісім мен жол картасын жасауды ұсынамын. Онда ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен тетіктері бекітілген болар еді», - деді А. Исекешев сейсенбі күнгі Өскеменде өткен Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының VII-ші форумында.

Оның айтуынша, өткен тәжірибені ескере отырып, әрбір ынтымақтастық бағыт бойынша тікелей жауапты атқарушыларды бекіту өте маңызды. Фундаментальды ғылымда ол ғылым академиясының ғылым және білім министрлігі болар еді. Қолданбалы зерттеулерде - мемлекеттік органдар мен салалық ғылыми институттар. Қаржылық қолдау мен қаржыландыру мәселесі бойынша - Ресейлік венчурлық компания мен Қазақстанның ұлттық инновациялық қор болған болар еді.

«Біз осы бағыттардың барлығында белгілі бір жетістіктер барлығын көріп отырмыз. Әр басымдық бағыт бойынша біз ресейлік әріптестермен бірге нақты ғылыми-технологиялық бағдарлама мен инновациялық жобалар тобын әзірлейміз. Негізгі басымдық өндірістік және ғылыми-технологиялық кооперацияға берілетін болады», - деп атап көрсетті министр.

«Қазірдің өзінде шетелдік озық технологияларды пайдаланатын салалар бар. Олардың өнімдері тез сертификатталып, нарыққа жол табуы қажет. Осылай біз технологиялар мен жоғарғы технологиялық өнімдердің ортақ нарығын жасай аламыз», - деп түсіндірді Ә. Исекешев.

«Қазақстан индустриалдау бағдарламасын іске асыруға кірісті. Ол дегеніңіз - өндірісті жаңартып, қолданыстағыларын жетілдіру деген сөз. Біздің көптеген кәсіпорындар ресейлік жоғарығы технологиялық жабдықтарға мұқтаж. Осыған байланысты ресейлік жабдықтарды экспорттауға жеңілдетілген несие қарастыруды ұсынамыз. Біз осылайша қытайлық және немістердің компанияларымен жұммыс істеп отырмыз», - деді министр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394