Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4007 0 пікір 8 Желтоқсан, 2016 сағат 18:36

Жемістіліктердің еңбегі жемісті

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жемісті ауылдық округі аумағында жеміс-жүзім көшеттерін өсіретін шаруашылықтардың биылғы еңбегі еселеніп қайтты деуге болады.

Кеңестік дәуірден-ақ бұл ауыл жеміс-жүзім өнімдерін өндірумен айналысқан. Онымен қоса сол кездің өзінде жеміс-жүзім көшеттерін бүкіл Кеңес Одағына жіберіп отырған. Бүгінгі таңда Жемісті ауылдық округі аграрлық аумаққа жататындықтан агро құрлымдар мен шаруа қожалықтарының, жеке тұрғындардың негізгі кәсібі жеміс-жүзім өнімдерін өндіру мен көшеттерін өсірумен айналысады. Округ аумағында ауыл шаруашылығы саласында «Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының» (ҚазҒЗИ) Сарыағаш филиалы, «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС, «Бес арыс-Ынтымақ» ЖШС, «Сарыағаш көшет» ЖШС, «Нео Питомник» ЖШС-і мен 56 жеке шаруа қожалықтары жұмыс атқарады.

Бүгінгі таңда жалпы ауылдық округі бойынша 155,0 га жерге жеміс, 40,0 га жерге жүзім, 215,0 га жерде жеміс-жүзім питомнигі және 5,5 га жерді жылыжай алқаптары алып жатыр. Бүгінгі күнде округ бойынша жеміс көшеттерінің 12 түрі, сүйекті жеміс көшеттерінің 11 түрі, жүзімнің 7 түрі өсірілуде. Италия елінен алынып келінген Голден делишес, Ред делишес, Гала және Гриннсмид алма көшеттері де өсіріледі.

Соңғы уақытта округ бойынша жыл сайын 1 млн. ға жуық жүзім, 750 мыңнан асатын жеміс, 75 мыңдай декоративті ағаш көшеттері өндіріліп, өндірілген өнім жақын шетелдер мен еліміздің оңтүстік аумақтарына таратылуда. Жалпы ауданымызда өндіріліп жатқан жеміс-жүзім көшеттерінің 80-85 пайызы осы аумақта өсірілуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550