Алматыда ашық аспан астында «Оркестрлер шеруі» фестивалі өтеді
Алматы. 9 қырқүйек. ҚазТАГ – Алматыда 9 қырқүйекте сағат 19-да Республика сарайының алдындағы Абай алаңында ашық аспан астында «Оркестрлер шеруі» фестивалі өтеді.
Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай музыка фестивалі алғаш рет өткізіледі. Оның ерекшелігі – алматылық оркестрлер классика музыкасының туындыларын ашық аспан астында орындайды. Фестивальді Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық оркестрі ашады.
Фестивальге мемлекеттік үрмелі оркестр, мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр, А. Жұбанов пен К. Бәйсейітова ат. музыка мектептерінің оқушылары, КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртістері Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева, Жәния Әубәкірова, сондай-ақ, дирижерлар Қанат Ахметов пен Александр Беляков қатысады.
Фестивальдің салтанатты ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысады деп жоспарланған.