Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2995 0 пікір 25 Қараша, 2016 сағат 12:23

Созақтың әкімі халықтың талап-тілектерін тыңдады

Созақ ауданының әкімі М.Исаев және облыстық мәслихаттың депутаты М. Тұрысбеков жуырда аудандағы  Жуантөбе ауылының тұрғындарымен кездесті.  Жиынға Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Алпамысов, шаруа қожалық иелері, ауыл тұрғындары қатысты. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғындардың негізгі талап тілектері, қыстық отын алу мен жайылымдық жерлерге ауыл малдарының еркін жайылуына мүмкіндік беру мәселесін сөз етті.  Бұл туралы ауыл биі Т. Жапабаев аудандық мәслиахаттың осы өңірден сайланған депутаты С. Жанұзақов сөз сөйлеп ұсыныс тілектерін білдірді. Жиын барысында орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Алпамысов  жауап беріп, заң шеңберінде әрекет етіледі дей келе, мал жайылымы жөнінде ешқандай мәселе туындамайды деді. Облыстық мәслихаттың депутаты М. Тұрысбеков қажетті көмектер көрсетілетіні, тиісті орындарға шығып, тұрғындардың талап тілектерінің аяқсыз қалмайтынын айтты. Қортынды сөз сөйлеген аудан әкімі М. Исаев, халықтың өтініштері ең бірінші кезектегі мәселе, сондықтан кез- келген ұсынысты шешу үшін аянбайтынын тілге тиек етті.

Бір айта кетері, өңірімізде халыққа атқарушы органдардың жұмысы туралы ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін облыс әкімінң тапсырмасымен «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» - ұлт жоспарының 94 қадамына сәйкес жасалған. Жоба аясында мемлекеттік органдардың басшылары халықтың талап-тілектеріне, сауалдарына дер кезінде жауаптар беріліп, әкімдік пен халық арасында тиімді қарым-қатынасты қалыптастыру көзделген.

Abai.kz

0 пікір