Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Қоғам 3259 0 пікір 25 Қараша, 2016 сағат 12:21

Ауданды етпен қамтамасыз етіп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты талапты ауылдық округіндегі «Айтолқын-ай» ЖШС құрылғалы 13 жылдың ішінде ірі қара мал өсірумен айналысып келеді. Қажырлы еңбектің арқасында үлкен нәтижеге жеткен шаруа қожалық аудан мен ауыл тұрғындарын етпен қамтамасыз етіп отыр, әрі бірнеше отбасы мүшелеріне жұмыс ұсынды. Биылғы жылы шаруақожалық 196 бас малды етке өткізіп, біршама пайда тапты. 

Жаңылыс Сыздықова, «Айтолқын-ай» ЖШС төрайымы: 

– 2000 жылдардың басында өте бір қиын кезеңдер еді ғой. Бала-шағаны асырап, жеткіземіз деп жүргенімізде жұмыссыз қалдық. Күнкөрістің қамымен мал бағуды қолға алдық. 2003 жылдан бастап өзімнің жеке шаруашылығымды аштым. Бас кезінде ұсақ мал да ұстадық, қолымызда бар ірі қараны көбейтуге тырыстық. Алайда ұсақ малдың әуресі көп болғандықтан бірыңғай ірі қараны көбейттік. Өзімізге қажет көлемде ғана сиырларды сауып аламыз. Негізінен етке өткіземіз. Жылдан жылға мал басын көбейтіп келеміз. Негізінен қазақ ақбас сиырлар бағып отырмыз. Алғашқы жылдары Қрағандыдан, Жамбыл облыстарынан әкелген ақбас сиырларымыз ыстыққа шыдамай, біраз шығындандық. Кейіннен бейімделе бастады. 1000 гектардай жайылым жеріміз бар. Жаздай жем-шөбімізді жинаймыз, 43 гектар шағын егістік алқабымыз бар. Ел қатарлы шарумызды жүргізіп отырмыз.

 

Жаңылыс ханым басқарып отырған «Айтолқын-ай» ЖШС бүгінде бірнеше отбасы мүшелерін жұмыспен қамтып отыр. Сиыр бағатын 4 малшыға ай сайын тұрақты жалақы тағайындаған. Шаруа қожалығы басшысы осыдан 3 жылдай бұрын ол «Сыбаға» бағдарламасымен 5 жылға 14 миллион теңге несие алып, қожалық пайдасына жаратқанын тілге тиек етті. Болашақта мал басын екі есеге көбейтуді жоспарлап отыр. 

Abai.kz


0 пікір