Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2959 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 13:09

Қазақстан - Израил сауда-экономикалық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтамқтастық жөніндегі комиссиясының 7-нші отырысы өтті.

Комиссияны Қазақстан тарапынан Қазақтан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Израиль тарапынан Израиль Мемлекетінің Қоршаған ортаны қорғау және Иерсулаим мен диаспора істері жөніндегі министрі Зеэв Элькин басқарды.

Комиссияның отырысы шеңберінде Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда, кәсіпкерлік пен инвестиция, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті және перспективалы бағыттары, сондай-ақ Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі Б. Нетаньяхудың Қазақстан Республикасына сапары барысында екіжақты құжаттарды қол қоюға дайындау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, отырыс барысында Тараптар өзара сауданың қазіргі күйі мен көлемін қарады және екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайту маңыздылығы мен қажеттілігін бекітті.

2016 жылдың 9 айы ішіндегі Қазақстанның Израильмен тауар айналымы көлемі 236,9 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 196,9 млн. АҚШ долл., импорт – 40,0 млн. АҚШ долл.), ол өз кезегінде 2015 жылдың осыған ұқсас кезеңімен (239,9 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 1,3 %-ға аз (экспорт –
181,5 млн. АҚШ долл., импорт – 58,4 млн. АҚШ долл.).

Осыған байланысты, сауданы дамыту мақсатында Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және Израиль Мемлекеті арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу бойынша келіссөздерді бастаудың маңыздылығын атап өтті.

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, атап айтқанда қазақстандық мамандардың Израильдің алдыңғы қатардағы медицина орталықтарында біліктілігін арттыру, және Израиль мамандарының қатысуымен мастер-класстар өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Израиль тарапы ауыл шаруашылығы слаасындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. «Үшқоңыр» тамшылатып суару бойынша Қазақстан-Израиль орталығын Халықаралық орталыққа айналдыру, сондай-ақ Қазақстанда демонстрациялық ферма құрылысы бойынша біріккен консорциумды құруға ерекше назар аударылды.

Экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және қазақстандық және израильдік компаниялар мен бизнес-делагациялардың сауда көрмелері мен іс-шараларға белсенді қатысуын ынталандыру мақсатында екі тарап іскер орталар мен шешім қабылдау деңгейіндегі, оның ішінде үкімет өкілдері ішінен тұлғалардың 2017 жыл ішінде екі елде өтетін коммерциялық іс-шараларға белсенді қатысуына көмек көрсетуге келісті.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502