Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 3048 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 12:50

Жылыжай өнімдеріне сұраныс зор

Қазіргі кезде республикамыз бойынша барлық өңірде жылыжай шаруашылығы ерекше қарқынмен дамып келе жатқандығы белгілі. Бұрындары ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен толығымен қамтамасыз ету проблемасы көрші елдерден тасымалдау арқылы шешіліп жүрсе, енді өзгеге жалтақтамай, қолдан келетін іске өзіміз-ақ білек түріп кірісе бастадық.


Аумағы едәуір гектар жерді алатын, өсірілген өнімдері қайтадан өңделмейтін, көкөністерді жаңа піскен күйінде қолдануды қамтамасыз ететін жаңа, озық технологиялы жылыжай кешендері туралы айтар болсақ, бұл ең алдымен соңғы уақытта жаппай қолға алынып, мемлекеттің қолдауындағы мақсатты бағдарламалар аясында іске қосылып жатқан жобаларға қатысты. Оларды тұрғызудағы басты мақсат – халықты жаңа піскен сапалы өніммен қамтамасыз ету, нарықтағы бағаны түсіру, сондай-ақ, маусымаралық кезеңде көкөністердің бағасын тұрақтандыру болып табылады. 

Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысы жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша елімізде көш бастайды. 2016 жылдың 1 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы жылыжайлар көлемі 79,64 га жерді құраған. Биылғы жылы жылыжайлар көлемін қосымша 3,0 га ұлғайту тапсырмасы берілген болса, ағымдағы жылдың 9 айында 3,99 га жерге жылыжайлар құрылып қойылған (133,0 %). Бұл республикалық көрсеткіштің 87 пайызына тең. Ал аталған шаруашылықтарда 10 мыңға жуық адам жұмыс істеуде. Солардың бірі Мақтарал ауданына қарасты "Амина" шаруа қожалығының басшысы Сарыбаев Берік 1,5 га жерге жылыжайда қызанақ өнімін егіп, 142,5 тонна өнім алып, орташа өнімділік 950 ц/га құрап отыр. Бұл басқалармен салыстырғанда үлкен еңбек деуге болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510