Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2722 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 12:49

Мақтарал мақталы ғана емес, бақшалы да өңір...

Мақтарал ауданында соңғы жылдары егістік алқаптарын әртараптандыру жоспары жан-жақты талқыланып, диқандар да өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып әртүрлі өсімдіктерді егуге бетбұрыс жасай бастады.


Мамандар да мақтадан гөрі жеміс жидек өсіруге бетбұрыс жасалуы керектігін айтып «Мақта алқабының көлемін азайтатын болсақ, онда су да үнемделер еді. Былайша айтқанда, бір оқпен екі қоянды атамыз.

Оның үстіне алмадан, бақшадан келіп жатқан пайда мақтадан әлденеше көп болып тұр», – деп ұсыныс айтқан болатын. Расында машақаты көп мақта ғана емес, бау өсіріп, бақша дақылдарын егудің де пайдасы көл-көсір екенін аймақ шаруалары да бағамдап үлгеріп, бақша өнімдеріне бетбұрыс жасай бастаған еді.

Осылайша қазір бұл өңірде бақша өнімдерінен бөлек, күріш, қырыққабат та өсіріле бастады. Мәселен биыл "Асқар -Д" шаруа қожалығының төрағасы Әжіқабылов Мұқтар 10 га жерге қырыққабат дақылын егіп, 400 тн өнім жинады. Ал "Самат 2" шаруа қожалығының төрағасы Датқаев Марат 20 га жерге бақша өнімдерін егіп, 960 тн өнім өндіріп, орташа өнімділік мөлшері 480 ц/га құрап отырғанын мәлімдеді.

"Султан" шаруа қожалығының басшысы Қудияров Ержан 25 га жерге бақша дақылын егіп, одан 500 тн өнім өндіріп, орташа өндімділік 200 ц/га құрағаны туралы мәлімет таратты. Бұл басқа шаруалардың өнімімен салыстырғанда ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіш деуге болады. Сондықтан шаруалардың басқа егін өнімдерін егуге деген бетбұрысы оң нәтиже берді деуге болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529