Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз сөзі 3691 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 11:24

ЕЛБАСЫ: 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖҰМЫС ІСТЕЙМІН

Соңғы трендтің тасасында қалған тағы бір жаңалық – Елбасының Bloomberg-ке берген сұхбаты болды. «Dalanews.kz» сайтының деректеріне сүйенсек,  Елбасының іскерлік келбетін екібастан сөз етіп келе жатқан агенттіктің өкілдері көпті күпті қылып жүрген кейбір мәселелердің тетігін ағытыпты.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына қатысты сауалдарға жауап беріп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының перспективалары, жаһандық экономиканың, терроризммен күрестің маңызды аспектілері, сондай-ақ шет елдермен өзара іс-қимылды нығайту жөнінде айтқан.

Сондай-ақ, өз сұхбатында Қазақстанның келесі басшысы кім болады деген сұраққа бүкпесіз жауап берген екен. Балалар билік басына келмейтін көрінеді. Елбасы өзі солай депті. 

Президент Қазақстан билігінің конституцияға сай ауысатынын, барлық процестің тек заң шеңберінде жүзеге асатынын жеткізген.

Елбасы сондай-ақ Қазақстан президенті болып сайланған адамның 5 жылдан 2 мәрте сайлана алатынын ескертіп, өз жоспарларын жүзеге асыруға барлық қажыр-қайратын жұмсайтынын жеткізген.

«Мен 2020 жылға дейін жұмыс істеймін, 2020 жылы жүздесейік», – дейді Елбасы (“Until 2020, I’m going to work. And we’ll meet again in 2020,” said Nazarbayev).

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524