Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3073 0 пікір 23 Қараша, 2016 сағат 13:37

Ұлғайған суармалы жер мол өнімнің кепілі

Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерi үлкен көрсеткiштерге қол жеткізіп отыр. Биыл 788,6 мың гектарға дақылдар егiліп, егiн шаруашылығының түсімі артты. Өткен жылмен салыстырғанда егiстiк көлемi 12,8 мың гектарға жетіп, оның iшiнде жемiс-жидек пен жүзiм 30 мың гектарға егiлдi. Қарқынды бау көлемi 2,1 мың гектарға жеттi.

Ағымдағы жылы дәндi дақылдардан орташа түсiмдiлiк гектарына 26 центнердi құрап, Қазақстанның тәуелсiздiк кезеңiнен берi болмаған рекордты өнiм алынды. Нәтижесiнде қамбаға 676 мың тонна астық құйылды. Сонымен қатар, көкөнiстен – 963 мың тонна, бақшадан - 1 млн. 413 мың тонна, картоптан – 277 мың тонна, жемiс-жидек – 126 мың тонна, жүзiмнен 63 мың тонна өнiм жиналды. Бiр қуанарлығы, түскен өнiм көлемi жылдан-жылға ұлғайып келедi. Осыған қарай сапасы да жоғарылай түсуде. Өйткенi, нарықтық экономикада табыстың көзi сұраныста екенiн түсiнген шаруалар оны ұдайы арттырып отыру өнiмнiң сапасына байланысты екенiн бiледi.

Республика бойынша өндiрiлетiн мақтаның – 100 пайызы, жүзiмнiң – 65 пайызы, бақшаның – 66 пайызы, мақсарының – 40 пайызы, жемiс-жидектiң – 31 пайызы, көкөнiстiң 24 пайызы бiздiң облыстың еншiсiнде. Сондықтан Оңтүстiктiң бүкiл республика тұрғындарын отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен қамтамасыз етуге толық мүмкiндiгi бар.

Соңғы үш жылда жердi жаңа әдiспен игеру жұмыстары жүргiзiлуде. Ағымдағы жылы терең қопсыту технологиясы 86 мың гектарға енгiзiлдi. Мақтадан гектарына орта есеппен 26–27 центнер өнiм алынса, терең қопсыту технологиясын енгiзген шаруашылықтар гектар берекелiлiгiн 40–45 центнерге бiр-ақ арттырды. Аталған технологияның топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиiмдiлiгiн ескере келе, оны басқа да дақылдар мен тәлiмi жерлерге қолдану ұсынылды.

Облыста 463 мың гектар суармалы жер бар. Суармалы жердiң көлемiн ұлғайту iс-шарасы нәтижесiнде 2012–2016 жылдары 86,4 мың гектар жер жаңадан айналымға қосылды. Биыл суармалы егiстiк көлемi 5,2 мың гектарға артып отыр. 533 шақырымды құрайтын 47 су нысанын қалпына келтiру үшiн облыстық бюджеттен 3,7 млрд. теңге бөлiнiп, осыған орай тиiстi жұмыстар жүргiзiлуде. Алдағы уақытта каналдар жөнделiп бiтсе, 30 мың гектар жердiң ирригациялық жүйесi жақсарып, қосымша 1,5 мың гектар суармалы жер пайдалануға берілмек.

Суармалы егiстiктердi ұлғайту мақсатында екi iрi инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қызылқұм алқабын игеру арқылы Отырар ауданы мен Арыс қаласына қарасты 60,5 мың гектар жердi суармалы егiстiкке айналдыруға мүмкiндiк тумақ. Жаушықұм алқабына канал тартылса, суармалы егiстiк көлемi 15,2 мың гектарға арта түседi. Аталған жобаларды iске асыру үшiн 72,6 млрд. теңге қажет. Осыған байланысты 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк су ресурстарын басқару бағдарламасы шеңберiнде Үкiметке арнайы ұсыныс жолданды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524