Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Қоғам 3386 0 пікір 23 Қараша, 2016 сағат 13:06

Ордабасы облыс бойынша алда келеді

Еліміздің әр облысы әртүрлі шаруашылыққа машықтанған. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласы Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының негізгі бағыты саналады. Республика бойынша ауыл шаруашылығында ОҚО-ның үлесі 13 % құрайды. Биылғы жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 319,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 72,3 млрд. теңгеге артқанын көруге болады. Нақты көлем индексі 100,7 % пайызды құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 5,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артқан. Ал Ордабасы ауданында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 193 682 га құрайды (егістік жер көлемі 91 146 га, оның 40 587 га жері тәлімі, 33 300 га суармалы, жайылым 101 107 га, көпжылдық қондырғылар 1 429 га, тыңайған жер көлемі 17 559 га). 2016 жылға жаңа техника алу тапсырмасы 89,1 пайызға орындалып отыр (тапсырма 55 жаңа техника, нақты 49 ауылшаруашылық техникасы алынған).

2016 жылдың есепті кезеңіне ШНҰ “ЫРЫС” ЖШС-гі арқылы берілген несие көлемі жалпы 157,7 млн.теңге, оның ішінде 59,5% егін шаруашылығына, 1,9% жылыжайға және 38,6% мал шаруашылығына берілді.

“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ арқылы берілген несие көлемі жалпы 157,8 млн. теңге, оның 3,8% жол тасымалдау, 5,7% жүк тасымалдау, 3,8% жылыжайға, 1,9% көлік жөндеу және 84,8% мал шаруашылығына берілді. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1589
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3204
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1190
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1101