Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2592 0 пікір 23 Қараша, 2016 сағат 13:05

Ордабасыда өнімді әртараптандыру ісі сәтті жүргізілуде

Ордабасы ауданында соңғы жылдары егістік алқаптарын әртараптандыру жұмыстары сәтті жүргізілуде. Еткен еңбектің жемісі де көрінуде.

Мәселен Шұбар ауылдық округіне қарасты Түгелбай Пернебай Нұранұлы озат көкөніс өсіруден көзге түссе. Қажымұхан ауылдық округіне қарасты «Қазақстан Логистик Групп» ЖШС-нің төрағасы Сазынбек Руслан Бейбітбаұлы озат бау өсіруші ретінде танылған.

Ал Бөген ауылдық округіне қарасты Нысанбек Ағабек мақта, жүгері өнімдерін техникамен баптаудан еңбек озаты. Қарақұм ауылдық округінен «Нұр-Шапағат» өндірістік кооперативінің озат сушысы Досым Ғалымжан Құрманбекұлының да еңбегі зор. Жеңіс ауылдық округіне қарасты «Қаражан» шаруа қожалығының төрағасы Қаражан Өмірбек 7 гектар жерге бақша егіп, гектарына 350 центнерден өнім алған Озат бақша өсіруші ретінде танылып отыр. Қараспан ауылдық округінен Күдірбекұлы Айбат «Ай-Ас-Бек» шаруа қожалығының төрағасы 30 гектар жерге жүгері егіп, гектарына 100 центнерден өнім алған. Сондай-ақ озат жүгері өсіруші ретінде бүгінде аудан көрсеткішін алға сүйреп отыр.

Еңбек өнімділігін арттыруда осы саладағы басқа да мамандардың еңбегі зор. Мәселен Бөржар ауылдық округіне қарасты Пердебаев Серғали егін науқанында өзінің жеке меншік тракторымен 600 гектар жерді айдаған, үздік механизатор. Шұбарсу ауыл округі бойынша жеке кәсіпкер Суюндикова Нурсулу өз ауласынан 10-15 бас мал бордақылау алаңшасын ашып, жұмыс жүргізуде озат мал бордақылаушы ретінде танылып отыр.

Батырбеков Ерлан Төрткөл ауыл округі бойынша 10 гектар жерге мақта егіп, гектарына 45 центнерден өнім алған озат мақта өсіруші.

Abai.kz

 

0 пікір