Жексенбі, 24 Қараша 2024
Дода 2662 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 15:34

Ауылшаруашылық өнім көлемі – 383,6 миллиард

ОҚО-ның ауылшаруашылық өнім көлемі – 383,6 миллиардты құрады. Бұл туралы «Абай ақпарат» ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының негізгі бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығы саласы. Республика бойынша ауыл шаруашылығында облыстың үлесі 13 пайызды құрайды. Қуанышқа қарай облыстағы ауылшаруашылық өнімдері жылдан жылға артумен келеді. Бұған, әрине, мемлекеттің, мемлекеттік бағдарламалардың себеп болып жатқаны сөзсзі. 

Қаңтар - қазан айларында өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 383,6 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 83,2 млрд. теңгеге артты. Нақты көлем индексі 101,2 пайыз. Салаға тартылған инвестициялардың көлемі 5,8 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артты.

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың гектарды құрады. Негізгі дақылдардың егіс көлемі дәнді дақылдар – 260,0 мың, майлы дақылдар – 80,8 мың, көкөніс – 40,4 мың, бақша – 59 мың, картоп -  15,3 га, мақта – 109,6 мың гектарға орналастырылған-ды. Дақылдардың басым бөлігі алғашқы қарға дейін ысырапсыз жиналып алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566