Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5562 0 пікір 20 Қараша, 2016 сағат 10:34

Болашаққа сенім, жастарға жалын берер асыл мұра

 «Ұлы дала ұлағаттары» атты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін толқымай, тебіренбей, жүректі кернеген мақтанышпен, болашаққа деген сеніммен оқымау мүмкін емес.

Тәуелсіздігіміздің оңай жолмен келмегенін, Ел тарихының өткені, бүгіні және болашағына талдау жасай отырып, Елбасы жас ұрпаққа ел Егемендігінің оңай жолмен келмегенін және оны сақтап қалудың сара жолын көрсетіп отыр. «Ұлы дала ұлағаттары» - жеңістің күші әрдайым бірлікте екенін дәлелдей келе, алдағы уақытта ұлт мұддесі үшін отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді ту етіп, бір мақсат пен бір мүдде арқылы биік жеңістерге жететінімізді жас буынға аманат етіп тапсырылған туынды.

«Елімізге бойына ата – бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егемен елге аянбай қызмет ететін, ой – өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да саламатты азаматтар қажет.  Өсер – жасқа өріс кең, өнеге мол. Өскелең ұрпақ өзіне керекті өрісті білім мен ғылымнан табады. Ендеше, жақсыға, жаңаға ұмтылу керек. Туған тіліңді, халқыңның тарихын, салт – дәстүрін біл, зерделе, өиіріңде үлгі тұт. Тәуелсіздікке қызмет ету жолындағы ақылың мен қайратың адал мұрат, асқақ арманға толы болса, баратын жерің, шығатын төрің де биік болмақ.

Баяғы ертегіде айтылғандай, солға тартса соқылдақ, оңға тартса омпылдақ, тура жүрсе төрге шығар бағыт айқындалмақ. Сондықтан да жас ұрпақ тура жүруге тиіс. Алдында арман тұр, артыңда алашың тұр. «Өзге елге барыпсұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген бабаның сөзі жүрегіңнің төрінде, өреңнің өрінде болсын».

Елбасының бұл еңбегін өсер жасқа айтылған ақыл, өркенді өсиет деп қабылдауға тиіспіз.

Жас ұрпаққа жүрекжарды сырын, ақыл ойын, қамқорлықпен айта келе, Нұрсұлтан Әбішұлы болашақтың тірегі жастар екенін тағы да бір дәлелдейді.

«Бұл ғасыр – ең алдымен, жастарымыздың ғасыры. Жаңа мыңжылдықта Қазастанның байрағы биік, табысы ерен, қорғаны берен болады деп сенеміз. Сенімнің сергектігі – еліңнің ержеткені. Ол – біздің бақытымыз. Елдің бақыты».

Қазақстанның білім мен ғылымының қара шаңырағы, әлемдік білім кеңістігінде өзінің жетістігімен алдыңғы қатарда орыны бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Экономика және бизнес жоғары мектебі» ұжымы Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары» еңбегін студенттік конференцияда талдап, бұл еңбекті өз болашағының бағдаршамы деп қабылдады. «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз», «Ұлы даланың еркесіміз» - деп тебіренді жастарымыз.  

«Ұлы дала ұлағаттары» Қазақстан азаматының жанына рухани жігер беретін, өткенді ұмытпау, болашаққа сенім, жанына жалын құятын асыл мұра.

Экономика және бизнес

 Жоғары мектебінің деканы

Б.Ж.Ермекбаева 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608