Жұма, 1 Қараша 2024
Жаңалықтар 3855 0 пікір 18 Қараша, 2016 сағат 13:03

«Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.

Шара 2016 жылдың 24 қарашасында Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында (Алғабас-1,  6- үй), сағат 15.00-де басталады.

 Аталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан бір үміткерден қатысып, өз бақтарын сынайтын болады.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жыршылық-термешілік өнерге жаңаша серпін беру арқылы әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.

Байқауда танымал жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер, танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар