Жексенбі, 24 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 5404 1 пікір 18 Қараша, 2016 сағат 11:55

АСТАНАДА «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ІІ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Отандық тауар өндірушілер форумы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы Астанада 18-19 қараша күндері өтеді

Қос шара да «Көрме» орталығында өтуде, онда өңірлік көрме-байқауларда жеңіп шыққан 145 отандық компания өнімдерін назарға ұсынды. «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы мен «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің форумының қатар өткізілуі, елдегі ірі тапсырыс берушілер (мемлекеттік мекемелер, ұлттық холдингтер мен компаниялар) мен отандық тауар өндіруші кәсіпорындарды ортақ арнаға табыстыруға мүмкіндік беріп, оның аясында өткен В2В сипатындағы кездесулерде аталған саладағы көптеген мәселелер талқыға түспек.

Тапсырыс беруші тараптар іс жүзінде Қазақстанда қандай тауарлар жасалатынын өз көзімен көре алады.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы үш аталым бойынша өткізіледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; «Халық тұтынатын үздік тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлары».

Байқау жүлдегерлері әр аталым бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломдарымен және таным белгісімен марапатталады. Жеңіске жеткен компаниялар төрт жыл бойы байқау белгісін жарнамалық мақсатта қолдана алады.

«Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІ форумы Қазақстан кәсіпкерлерін қолдауды көздейді және оның аясында белді тұлғалар сұрақтарға жауап беріп, В2В сипатында кездесулер өтеді.

Форумда бизнестің табысты өркендеуіне жол ашатын ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылады. Ұзақ мерзімге арналған шарттардың мәнісі сонда, өндірісті жаңғыртып, компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік туады, несиеге қолжетімділік жақсарады, қосымша өндіріс желілері іске қосылады және тағы басқа.

«Ұлы дала елі» брендін қолдану құқығы жыл сайын, Қазақстан брендін халықаралық ауқымда алға жылжытуға ден қойған, үздік отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге табысталады.

Байқауда ірі, орта және шағын бизнес өкілдері қатар бақ сынауда. Нәтижесінде үш үміткер лауреат атанып, «Ұлы дала елі» брендін қолдану құқығын иеленеді.

«Ұлы дала елі» белгісі сапалы өнімдер мен қызметтерді бір бренд аясында біріктіруге, ел абыройын асқақтатуға мүмкіндік береді.

Бір жағынан бұл, жеңімпаздарға қосымша мүмкіндіктер мен жеңілдіктер ұсынылатынын ескерсек, тауар өндірушілерге қозғау салып, ынталандырар болса, екінші жағынан, Қазақстанның халықаралық ортадағы беделін өсіре түседі.

18 қарашада сағат 10:00-ден бастап іс-шараның тікелей трансляциясын келесі сілтемелер арқылы көруге болады:

- «Атамекен» ҰКП ресми сайтында: http://palata.kz/ru

- Facebook әлеуметтік желісіндегі ҰКП ресми парақшасынды: https://www.facebook.com/palatakaz/?ref=br_rs&pnref=lhc

- Atameken Business Channel эфирінде http://abctv.kz/ru/tv

-  Atameken Business Channel Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында https://www.facebook.com/abctv.kz/?fref=ts

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602