ЖАҚЫПОВ ТА ЖЕП ҚОЙЫПТЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы ірі сомада пара алып ұсталды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Депутаттың ұлы Аслан Жақыпов «Бәйтерек Development-тің» басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов. Ол 28 миллион теңгені талан-таражға салмақ болыпты.
Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тұрғын үй құрылысына жауапты ұлттық «Бәйтерек» холдингінің 3 лауазымды менеджерін парамен ұстаған. Олар Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар-қаржыны өзара бөліске салмақ болыпты.
Дәлірек айтсақ, 40 жастағы топ-менеджер «Бәйтерек Development-тің» басқарушы директорлары Бауыржан Әйтімбетов және Ғазиз Сариевпен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар қаржыны тендерден кәсіпкерлерге алып беру үшін ауысбастырық алып отырған деп айыпталуда. Тергеу материалдарына қарағанда, топ-менеджерлер бұл ақшаға Павлодар қаласында бюджеттің 3 миллиард теңгесіне салынып жатқан 9 қабатты үйдің актісіне қол қойып бермек болған.
Айта кетейік, Аслан Жақыпов "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басқармасының басшысы орынбасары қызметіне 2016 жылдың наурыз айында келген болатын.
Abai.kz