Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2546 0 пікір 17 Қараша, 2016 сағат 10:47

Боб Дилан Нобель сыйлығын алуға бармайды

Швециялық академияға жазған хатында ол өзіне көрсетілген мәртебені мақтан тұтатынын, бірақ бұған дейін берген уәделеріне байланысты 10 желтоқсанда Стокгольмге бара алмайтынын мәлімдеді.

Стокгольмде сыйлық тапсыру рәсіміне лауреаттардың қатыспауы жиі болып тұрмаса да, оны ерекше оқиға деп айта алмаймыз, делінген әдебиет бойынша Нобель сыйлығын табыстаушы Швеция академиясы.

Бұған қоса Швеция академиясы 10 желтоқсаннан соң жарты жыл көлемінде Боб Диланның Нобельдік дәрістерін асыға күтетінін мәлімдеді.

2016 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығы америкалық ақын әрі музыкант Боб Диланға "ұлы америкалық ән дәстүрінде ақындықтың жаңа тілін" жасағаны үшін тапсырылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129