Жексенбі, 24 Қараша 2024
Дабыл 3047 0 пікір 17 Қараша, 2016 сағат 10:40

БЮРО БИГЕЛДІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫНА ТІНТУ ЖҮРГІЗДІ

Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі ұлттық бюро қызметкерлері Алматыдағы бір бизнес орталықта орналасқан екі редакция - Radiotochka.kz және Central Asia Monitor газетінде тінту жұмыстарын жүргізді. Бұның алдында ғана газеттің бас редакторы мен портал баспагері Бигелді Ғабдуллин Астанада ұсталған болатын.

Radiotochka.kz редакциясының мәліметі бойынша, тінту жұмыстары адвокаттың қатысуынсыз басталған, кейін келген заңгер бюро қызметкерлерінің бұл әрекетіне шағымданған, өйткені олар әкелген "ордер тінту жұмысына қатыспаған тергеушінің атына рәсімделген" болып шықты.

Хабарларға қарағанда, таңертең басталған тінту жұмыстары аз уақытқа тоқтатылып, кейін қайта жалғасқан. Бюро қызметкерлері редакциядан екі ноутбук тәркілеген.

15 қарашада Астанада Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі ұлттық бюро қызметкерлеріCentral Asia Monitor газетінің бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының баспагері Бигелді Ғабдуллинді бопсалаумен айналысты деген күдікпен ұстағаны хабарланды. Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы қызмет нұсқасы бойынша, 61 жастағы Ғабдуллин "келеңсіз материалдар жариялау арқылы мемлекеттік органдарға ақпараттық шабуыл жасап, басылымдарына мемлекеттік тапсырыс алу мақсатында шенеуніктерді бопсалаған".

Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың хабарлауынша, Ғабдуллинге қатысты тергеу енді ғана басталды, сол себепті ол істің жай-жапсарын баяндап бере алмайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608