Жексенбі, 24 Қараша 2024
Болған оқиға 5388 0 пікір 16 Қараша, 2016 сағат 16:15

ЭКСПО-2017-НІҢ КӨПІРІ ҚҰЛАП ҚАЛДЫ

Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аймағындағы ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті. Құрылысы толық аяқталып үлгермеген ғимараттың қирап қалғанын көресткен бейне жазба әлеуметтік желілерге тарап үлгерген.

Tengrinews.kz порталының мәліметіне сүйенсек, «ЭКСПО-2017» аумағында екі ғимараттың арасын жалғайтын көпір конструкциясы құлап қалыпты.

Осыдан кейін ЭКСПО-2017-нің баспасөз хатшысы дереу сұхбат беріп, мәселенің мән жайын түсіндіріп бақты.

«Негізгі ғимараттарға еш зақым келген жоқ, тек павильондарды бір-бірімен жалғайтын көпір құлап қалды. Бұл оқиға қарашаның 16-сы күні болды. Себебін білмеймін. Бұл ғимаратты BI Group салып жатқан. Олар өздері жөндеуі тиіс»,-дейді  «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Сергей Куянов.

Куяновтың сөзіне сенсек, «ЭКСПО-2017» аумағындағы Айдын Рақымбаевтың меншігіне тиесілі құрылыс компаниясы жауапты көпірдің құлауы негізгі жұмыстарға тосқауыл болмайды.

Ал шығын көлемі туралы нақты ақпарат жоқ. Сондай-ақ, жұрт болып жылу жинап салып жатқан көрме ғимаратының құлауына не себеп болғаны да айтылмаған. Бұл туралы алдағы уақытта кеңірек тоқталатын боламыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5604