Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3818 0 пікір 15 Қараша, 2016 сағат 14:04

25 жыл – Елбасының сарабдал саясатының салтанатына айналды

Бүгін, яғни 15 қарашада  Бейбітшілік және келісім Сарайында ҚР Ұлттық Банкі «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» атты конференция ұйымдастырды.

Конференцияға қатысушыларға арнап ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы конференция ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының салтанатты белесі қарсаңында өтіп отырғанын атап көрсетті.

«Мемлекет басшысының сындарлы көшбасшылығының арқасында Қазақстан тұтастай дәуірмен теңесетін жолдан өтті. Жарқын жетістіктер мен  толағай табыстардың 25 жылы – Елбасының көреген және сарабдал саясатының салтанатына айналды», – деді Г.Әбдіқалықова.  

Мемлекеттік хатшы «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі Қазақстанның жарқын жетістіктерінің шешуші факторына айналғанын, Қазақстан халқы Ассамблеясы оның басты ұйытқысы болғанын» айтты.

Мемлекеттік хатшы конференцияға қатысушыларды кәсіби мереке – Ұлттық валюта күнімен құттықтап, Мемлекет басшысының 1993 жылы төл теңгемізді енгізу туралы тарихи шешімі көреген, әрі тағдыршешті қадам болғанын атап өтті.

Іс-шара барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнотты және монетаны таныстырды. Басқосуда сондай-ақ, өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен экономистер сөз сөйледі.

Абай-ақпарат

___________________

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584