Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3394 0 пікір 15 Қыркүйек, 2010 сағат 03:24

Серік Ерғали. ЖАЙЫҚ КӨТЕРІЛІСІНЕ - 19 жыл

Жайық көтерілісіне он тоғыз жыл толды. Бұл оқиғаның маңызын кезінде президент Н.Назарбаев  Желтоқсан көтерілісінің маңызынан кем еместігін атап өткені бар. Өйткені, кезінде сепаратистік пиғылы бар бүкілресейлік казактар тобы Орал казак республикасын жариялау арқылы Қазақстанның солтұстық өңірін бөліп әкету ниетіне бұл оқиғаның қарсы тұрарлық қауқары мол болды және ел іргесінің беки түсуіне алғышарт жасады.

Аталмыш оқиғаның  халқымыздың шын мәніндегі  жаңаша тарихы екені аян, себебі, еліміз егемендігін жариялар қарсаңда қазақ халқының тәуелсіздікке дайын екендігін бірден бір дәйектеген көтеріліс осы еді. Өкінішке  орай, қақпаймен жазылып жатқан оның кейбір жарқын беттері  дақ күйінде қалып, сол тарихты жасаушылардың өзі тарих жазумен айналысуы жақсы ырым болмаса да, тарихымыздан әлгі дақты аластаудың бір амалы екені рас. Мән мен мағынаға толы осындай еңбекті жариялап, 1991 жылғы Орал көтерілісінің барлық бет-бейнесін бір  кітапқа сыйдырған Орал облыстық «Азат» қозғалысының бұрынғы тең  төрағасы Нұрлыбай Сисенбайұлының сол еңбегінен  үзіктер келтіріп отырмыз.

Жайық көтерілісіне он тоғыз жыл толды. Бұл оқиғаның маңызын кезінде президент Н.Назарбаев  Желтоқсан көтерілісінің маңызынан кем еместігін атап өткені бар. Өйткені, кезінде сепаратистік пиғылы бар бүкілресейлік казактар тобы Орал казак республикасын жариялау арқылы Қазақстанның солтұстық өңірін бөліп әкету ниетіне бұл оқиғаның қарсы тұрарлық қауқары мол болды және ел іргесінің беки түсуіне алғышарт жасады.

Аталмыш оқиғаның  халқымыздың шын мәніндегі  жаңаша тарихы екені аян, себебі, еліміз егемендігін жариялар қарсаңда қазақ халқының тәуелсіздікке дайын екендігін бірден бір дәйектеген көтеріліс осы еді. Өкінішке  орай, қақпаймен жазылып жатқан оның кейбір жарқын беттері  дақ күйінде қалып, сол тарихты жасаушылардың өзі тарих жазумен айналысуы жақсы ырым болмаса да, тарихымыздан әлгі дақты аластаудың бір амалы екені рас. Мән мен мағынаға толы осындай еңбекті жариялап, 1991 жылғы Орал көтерілісінің барлық бет-бейнесін бір  кітапқа сыйдырған Орал облыстық «Азат» қозғалысының бұрынғы тең  төрағасы Нұрлыбай Сисенбайұлының сол еңбегінен  үзіктер келтіріп отырмыз.

14 қыркүйек. Алаңда халық қарасы біртіндеп  көбейе бастады. Түске дейін облыстық  әкімшілік  үйі  алдындағы алаңда халық саны 2500 - ден  3000 - ға дейін жетті. Жиналған халықтың көңіл күйі бір тал шырпы тартып  жіберсең, лап ете түскелі тұрған  қалың қамыс  секілді толқулы еді...

 

...Олардың қызба мінез, артық  қылықтарына түсіністікпен қарап, ұйымдастырушылар олай  етпеу  қажеттігін, мұндай  пікірдің  ұрындырар  зардабын айтудан  жалықпады...

...Митинг болып жатқан жерге мас  күйінде ешкімнің келмеуі қатаң ескертілді. Бұл өз нәтижесін берді. Қадағалаудың  арқасында ондайлар болған жоқ...

 

...Оқиғалар кезінде митингіден  хабар  сол бойда аудандарға  жетіп, халық  ақиқатқа радио арқылы  қанықты. Облыстық теле- радио компаниясы  14-15 қыркүйектегі  қаладағы  жағдайды  бастан -  аяқ бейне таспаға  түсіріп жатты. Облыстық  радио мен телевизия, оның тілшілері, журналистер жергілікті  органдардың  қоқан - лоққы әрекеттеріне төтеп беріп, табандылық таныта білді...

... облыстың  Жәнібек,Орда, Жаңақала, Жымпиты, Чапаев  аудандарының  халқы түрлі көліктермен  қалаға  қарай атой салды. Оралға бет алған  халықты кіре берісте автоинспекция  күзеттері  жолдарын  бөгеп  жібермеген  кезде, азаматтар  көліктерін тастап, орталық алаңға қарай жаяу  тартқан...

...Ұйымдастырушылардың  беделі  сынға түскен  осы бір алақұйын күндері  А.Зинуллин, А.Қадырбаева, С.Ерғалиев, О.Сәулебаев, Б.Әділов, Т.Жолманов, Ж.Қуанышалин, А.Көкенов,  Р.Қалиев, Д.Өтегенов, А.Асылбеков, О.Жәкібаев, К.Ахметов, М.Әбдірайымов, Б.Тәженов, ақиық ақынымыз Қатимолла  Бердіғалиев, М.Қосымбаев, Р.Мұханбетқалиева, Ж.Әлиев, сонау Жамбылдан 82-гі ағасын ерте  келген 74-гі Шоқай  ақсақалдар және т.б. азаматтар бірінен соң бірі алмасып сөйлеп, жиналған халықты сабырлылыққа, парасаттылыққа  шақырудан жалықпады...

 

15 қыркүйек. Халық саны кешегіден көп. Жақын аудандарға жіберген студенттер (Барбастаудан) жұмыстарын тастап,  митингіге қатысу үшін осында келген. Түске дейін адам саны шамамен 7000-ға жетіп қалды. Жиналған жұрт сепаратистердің ісіне саяси бағасын беруді сұрап, облыс басшыларының халық алдына шығып сөйлеулерін талап етті. Өкінішке орай, олар келмеді ...

...113 жігіт "Зенит" мәдениет  үйіне  баратын болып  жазылды. Ешқайсысын  күштеп үгіттеу  болған жоқ. Әркім өзінің  жүрек қалауымен  алған жауапкершілігін  сезіне отырып, осыған барды. Сөйтіп, 113 жігіт "Зенит"  мәдениет  үйіне  қарай  бет алды. Негізгі қалың топ орталық алаңда  қалды....

Сол бір тарихи сәтте, қантөгістің бетін қайтарған 113 жігіттің тізімін ілтипатпен  айта  жүрсін деген оймен халыққа ұсынамыз, өкінішке орай қысылтаяңда азаматтардан ант алу кезінде жасалған  мәлімет толық емес, ала құла:

 

1.Айтқалиев Жеңіс

2.Айтмұқашев С.

3.Айтқалиев  Есенжан

4.Айсауытов  Мақсот - Орал

5.Айдарбеков Серік -   Жамбыл

6.Атаханұлы  Мұхтар

7.Аханов Ж.  - Өскемен

8.Ахметов  Көшкінбай  - Ақтөбе

9.Ахметов М.

10.Ахметов Серік

11.Атұябаев С.

12.Әділов  Бақытжан -  Алматы

13.Әлиев  Жайлау -  Қызылорда

14.Әбдірашитов  Батырбек

15.Әбдірасухов   Дәулет

16.Әжімұратов     Жексенбай.

17.Әбдірайымов  Мұхтархан  -  Шымкент.

18.Балмұқанов  Нұрқожа

19.Балмолдин  Мұнайдар  -  Орал.

20.Балғалиев  Асқар -  Шымкент.

21.Бүркітбаев

22.Байжанов  Берік

23.Бисағалиев Н.

24.Баймұханбетов

25.Бақбергенов  Абдолла  -  Жамбыл.

26.Бижанова Гүлмира  -  Орал

27.Бақытжанұлы  Ерсайын

28.Берғалиев М.

29.Бегалиев

30.Гумиров  Ғарифолла  -  Орал

31.Ғаниев Мұтиғолла  -  Орал

32.Дәуенов  Набидолла  -  Орал

33.Дәулетов

34.Дүрманова  Бикеш  - Павлодар.

35.Ерғалиев  Серік - Ақтөбе.

36.Естаев И. - Семей.

37.Естаев  Асқар - Шымкент.

38.Есенов

39.Жансызұлов

40.Жаиков Е.

41.Жайлыбаев Естай - Ақтөбе.

42.Жанаев   Әділхан - Ақтөбе.

43.Жанғазиев  Берік

44.Жалмұқанов Мұқас

45.Жармұханбетова  Нұрзипа  -  Алматы.

46.Жұмағалиев  Мұрадым - Орал.

47.Жүнісов  Тұрғанбек  -  Жамбыл.

48.Жиеналиев   Нұрлан - Орал.

49.Зинуллин  Аманжол -  Орал

50.Зинуллин  Алтай  -  Орал.

51.Италиев  Айтқали   - Ақтөбе.

52.Имамеденов  Набиолла

53.Қадырбаева  Айсұлу-  Орал

54. Қалиев  Мейрам - Павлодар

55.Қуанышалин Жасарал -  Алматы.

56.Қыстаубаев  Орынғали  -  Ақтау.

57.Қонарбаев  Нұрсұлтан -  Өзбекстан.

58.Қаресов.

59.Құлсарин  Серғали

60.Қажығалиев  Сұңғат  - Ақсай.

61.Қуатов Нұрлан.

62.Қожахметов  Нұрлыбек.

63.Құлманов  Нұрберген.

64.Құрманғалиев  Өтеміс -  Атырау.

65.Қожаев  Естай.

66.Қыдырсиқов Берік -  Орал.

67.Қалиев  Әлібек.  -  Орал.

68.Кәрібаева  Қадиша  -  Жамбыл.

69.Күзенов  Серғазы.

70.Кикенбаев  Кәрімхан  -  Ақтөбе.

71.Махмутов М.

72.Мәжитов М.

73.Махметов Есен - Орал.

74.Мұстафин  Сейілхан -  Ақтөбе.

75.Мұқанбаетқалиев С.

76.Молдағалиев  Серік.

77.Мұханбетов  Болат -  Орал.

78.Мұтиев  Ізімғали.

79.Мұғанбетжанов  -  Семей

80.Нашимов.

81.Нұрсайынов Дәулеткерей.

82.Оразбаев  Нұрматжан  -  Жамбыл.

83.Оразбаева  Риза  -  Жамбыл.

84.Отарғалиева  Жанарбек  - Орал.

85.Онышев  Жеңіс.

86.Өтегенов  Дәрібек - Орал.

87.Өтебаев

88.Өтеулиев  Қуандық  -  Арал

89.Өтенов Н.  -  Ақсай.

90.Пияшев  Қоңырбай.

91.Паниязов  Ш. -  Орал

92.Панаев  Манас  -  Орал

93.Сатыбалдиев  Дәурен  -  Алматы.

94.Сатқұлиев Төлебай - Орал.

95.Сағынғалиева  Шынар  -  Орал.

96.Сәулебаев   Орал -  Алматы

97.Сейілов А.

98.Сисенбаев  Нұрлыбай  -  Орал

99.Сисенғалиев  Ғазиз

100.Сұлтанов Н.

101.Сүлейменов  Сайлау -  Орал.

102.Разметов Р.

103.Тайманов  Асқар - Орал

104.Ташкенбаев Сұлтанбек  -  Ақтөбе

105.Тәженов  Болат  -  Орал

106.Төреғалиев Х.

107.Тұманов  Мұқанғали

108.Үсенов  Наукен -  Орал

109.Хабибулин   Мұрат -  Орал

110.Шонаев  Әлібек

111.Шоланов  Мұхтар -  Шымкент

112.Шанғалиев О.

113.Шәріпов  Әлібек.

 

Бұлардың  жүзі тәртіп сақтау гвардиясының сарбаздар қатарына жазылған азаматтар болса, қалған он үші Жайық оқиғасын басқарған  Штаб жұмысын басқарғандар болатын, олар:

 

Әбдірайымов  Мұхтархан  -  Шымкент, «Азат» қозғалысының мүшесі

Әділов  Бақытжан -  Алматы, «Невада -  Семей» қозғалысының  Батыс аймақ бойынша үйлестірушісі

Дүрманова  Бикеш  - Павлодар, «Азат» қозғалысының  мүшесі

Ерғалиев  Серік - Ақтөбе, «Азат» қозғалысының  Батыс аймақ бойынша үйлестірушісі

Жайлыбаев Естай - Ақтөбе, «Азат» қозғалысының  облыстық  Үйлестіру кеңесінің төрағасы

Жармұханбетова  Нұрзипа  -  Алматы, «Азат» қозғалысының  Орталық Үйлестіру кеңесінің  мүшесі

Зинуллин  Аманжол -  Орал, «Азат» қозғалысының  облыстық Үйлестіру кеңесінің төрағасы

Имамеденов  Набиолла ақсақал - Жамбыл, «Азат» қозғалысының  мүшесі

Қадырбаева  Айсұлу-  Орал, «Азат» қозғалысының  мүшесі, «Қазақ тілі» қоғамының Орал облыстық төрайымы

Қуанышалин Жасарал -  Алматы, тәуелсіз саясаткер

Сатыбалдиев  Дәурен  -  Алматы, тәуелсіз саясаткер

Сәулебаев   Орал -  Алматы, тәуелсіз саясаткер

Сисенбаев  Нұрлыбай  -  Орал, «Азат» қозғалысының  облыстық Үйлестіру кеңесінің төрағасының орынбасары

Көрініп отырғандай, көтеріліс басқарған 113 қатысушының деректері де толық емес, өйткені, бұл дерек сол оқиға кезінде қарбалас түрде құрылған жағдайдан хабар береді.

 

Жайық оқиғасын жәдігерлеу мақсатымен Қоғамдық алқа құрылып отыр. Бұл алқа  1991 жылы Орал қаласында болған көтеріліске қатысушылардан естелік пен қолда бар дерек  жинау мақсатымен, мүдделі азаматтарды мына электрондық адреске хабарласуды ұсынады: erser61@mail.ru.

 

 

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483