Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2680 0 пікір 15 Қыркүйек, 2010 сағат 03:53

Сәкен Бозаев. Сөзіміз – шындық, ісіміз - әділетті емес.

-  Ертеректе сарт саудагерінің «қазақтың жүз түйесін бұралқы иттің құйрығына байлап Ташкентке апардым» дегеніне сенгеніміз секілді, қазірде де «сыбағама қоңыр қаз, үлесіме үш үйрек» деген аңшыға : «қайтсін, атап-атап алды ғой» дей салатын күпі жамылған қамсыз күйіміз  сол қалпы.  Талай опық жесек те қилы-қилы қырсыққа тап қылған осы аңқаулықтан арыла алар емеспіз.  Егемендіктен енші ала алмағандар  өгейдей болып жүрсе де,  «қары қалың қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жаз келер» деген үмітке малданып жүр. Тезегін де ақша қылу үшін таң ата сатып жіберетін жапондар мен жер бетінде жорғалағанның бәрін де пайдасына жарататын қытайлардың тіршілігіне ұқсамайтын даланың дархан тіршілігіне үйренген байырғы тіршілігіміз бытысып-шатасып, тоналып, қайыру бермей барады.

-  Осы күнгі тірлігіміз -  анау кезде  көлденең жүрісті әйелдің партия хатшысына: «өзім коммунист болғанмен, ана жерім коммунист емес қой» деп, ойлас емес, ойнас іздеген тірлігіне ұқсап барады. Ол кезде сөгіс алғандар көкбет атанатын. Осы күнгінің көкбеттеріне сахнада дамбал шешсе де  сөгіс беретін  хатшы да, қожа да жоқ.  Темірханның «маймылдар патшалығы туралы аңыз» деген шығармасын оқыған Жұматай жорналшы: «Темеке, жанр айырудан қалыпсыз. Мына шығармаңыз аңыз емес, бүгінгі күннің шыңғырған шындығы ғой» деген екен. Айтарын тура айта алмай осылайша тұспалдап мысалдап айтуға мәжбүр болып жүргендер жоқ емес.

- Марк Твеннің «Өмірде өтіріктің үш түрі бар. Жай өтірік, бетсіз бөспелік және статистика". Сырт елдің бір данагөйінің: «Қоғамдағы осындай өтіріктерге бейжай қарайтын адамдар қауыпты» деген сөзі бар. Ағылшын королі Людовик 1Ү жаңа қызметке біреуді тағайындаған сайын 99 жағымпазға бір өтірікшіні қостым деп отырады екен. Көне заман философы Аристип сондай жағымпаздың біріне король сарайында бетіне түкіріп тұрып, «бұл сарайда басқа түкіретін жер таппадым» деген екен. Бетке айтқанды бейбақ көретін орта осыған мәжбүрлейді. Көлге апарып ұйтқы  құйып айран жасамақ болған Қожанасыр мен қазіргі тазшалардың қырық өтірігіне  сене саламыз. Шемішке шағып отырып байығандардан үйренген үлгімен  тұқымымызға сіңіп кетер-ау деген қауыпқа қарамай рахаттанып тыңдаймыз.

- Шығыс ғұламалары үш нәрсе баянсыз деп айтып кеткен: - саудаға салынған мансап; - айтыссыз - ғылым; - жүйесіз - саясат. Небір ойшылдар өз заманында мына тіршіліктегі адам баласы сөзі - шындыққа, ісі - әділеттілікке сай бола бермейтінін айтуындай айтса да, себептерін дәл басып таба алмапты.  Өмірді жөндеу үшін адам алдымен өзін жөндеуге тиіс деген қағида ежелден бар. Адамға да, заманға да әмір  жүргізбек болу жаратушыдан басқа пенде атаулыға   берілмеген құдырет. «...Қиямет күні күнәм үшін мені неге тозаққа неге саласыз. Күнәлі етіп жаратқан өзіңіз кінәлі емессіз бе?» деп   Жаратушыға датын айтқан Омар Хаям сияқты  қазіргінің күнәһар пенделеріне сауал қоя алар емеспіз.. Бұлақтың суын уға айналдырып жүргендерді  ақылға шақырғандар ақымақ саналып, ақиқат айтушылардың  бір мылжыңдай құны болмай отыр.

Сакен Бозаев

Атырау облысы, Құлсары қаласы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483