Сенбі, 23 Қараша 2024
Ұждан 4081 0 пікір 16 Наурыз, 2017 сағат 09:58

МЕКТЕПТЕРДЕ ДІНИ НАСИХАТ ЖАСАУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ КЕРЕК

Білім беру бұл жастардың дүниетанымын қалыптастырудағы маңызды кезең. Қазақстанның білім беру жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта. Бұл жалпы орта білім беру мекемелерінде колледж және жоғары оқу орындарында ешбір дінді тура немесе жанама түрде насихаттауға жол берілмейді дегенді білдіреді.

Бүгінде мемлекет білім алу жүйесіне ерекше мән беруде. Өзге мемлекеттер сияқты Қазақстан да білім беру жүйесі арқылы болашақтың жарқын, сәтті әрі тұтас болатынына сенеді. Бұл үшін мектеп оқушылары, білім беру мекемесінің студенттері оның ішінде мемлекеттің бақылауы мен қамқорлығындағылар діни шеңберлерден, тыйымдар мен шектеулерден еркін болу керек. Олар білім алу аясын кеңейту үшін өзге мәдениет және дін өкілдерімен қарым-қатынасы барынша жақын болғаны дұрыс. Дін оқушының санасы жетпейтін дүниетанымдық, идеологиялық, ұйымдастырушылық ресуртарға ие.

Тарихи тәжірибе көрсеткендей, зайырлылық педагогикалық және психологиялық көзқарас тұрғысынан да қазіргі өскелең ұрпақтың гуманитарлық білім беру талаптарына толық сәйкес келеді.

Сонымен қатар, баланың болашағы көптеген факторлармен байланысты, бірақ оның ішінде ең бастысы білім алу екенін ата-аналар ескеруі керек. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінде адамдардың діни қатыстылығы мен дінге қатынасы баланың дамуына және білім алуына, қоғамнан оқшаулануына кедергі болмауы керек.

Еліміздің зайырлылық ұстанымы азаматтардың дінге немесе мәдени-әлеуметтік алуантүрлілігіне қарамастан олардың барлығына бірдей қарайтынын ескерген жөн. Сондықтан, құзырлы мемлекеттік органдар еліміздің заңнамаларына зайырлы білім беру  мекемелерінде дінді насихаттауға жол бермейтін талапты енгізуді қарастырғаны жөн деп есептеймін.  

Қабылова Айна Сағатбекқызы, Л.Н.Гумилев ат.ЕҰУ «Дінтану» кафедрасының профессоры

Abai.kz

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434