Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2495 0 пікір 15 Қыркүйек, 2010 сағат 04:04

Қазақтың Бауыржаны елімен қауышады

Биыл қазақтың қас батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы. Бұл Үкіметтің арнайы қаулысымен республикалық деңгейде тойлануы тиіс той. Ал, «Қазақфильм» киностудиясы батырдың мерейтойына өз тартуын жасап үлгерді. Қыркүйектің 14 күні Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында «Қазақтың Бауыржаны» деп аталатын режиссер Қалила Омаровтың деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Деректі фильмде -  соғыс және батырдың жеке мұрағаттарынан алынған фотосуреттер, батырдың көзін көрген адамдардың естелік әңгімелері, Ресей жеріндегі екінші дүниежүзілік соғыста Бауыржан Момышұлы шайқасқан, қол бастаған жерлердің бүгінгі бейнесі қамтылған. Фильмнің ең басты ерекшелігі -  Бауыржан Момышұлының құдіретті даусын батырдың көзін көрмеген ұрпақ тұңғыш рет деректі фильмнен ести алады.  Фильмнің бас-аяғы отыз минут.

Режиссер Қалила Омаров Ресейдің Подольск қаласындағы әскери мұрағатта құпия құжат ретінде сақталып отырған Бауыржан Момышұлының жеке мұрағатына қолдары жетпегенін сөз арасында айтты. Бұл құжаттардың құпия сақталып келе жатуының сыры онда Баукеңнің жолын кескен талай ҮЛКЕН адамдар туралы мәлімет бар болуынан шығар дейді режиссер.

Тіпті, батырдың келіні Зейнеп Ахметова да үйдегі, мұрағаттағы тарихи деректердің көбі әлі ашылмағанын айта келіп, біздің елде күні бүгінге дейін шындықтың аяғы тұсаулы, ауыздықтаулы екенін қынжыла айтты.

Амал не, бүгінгінің шындығы түгілі, тарихтың шындығын айтудан қорқып, жалтақтап келе жатқанымызды адам жасырғанмен, Алладан жасыра алмаймыз. Ол да рас-ау.

Сөйтіп, туған халқы үшін өрлік пен ерліктің, бірбеткей адалдықтың, батырлықтың үлгісі болып қалған және кешегі Алаш қайраткерлерінің рухын беріге жеткізген алтын көпір Бауыржан Момышұлы туралы деректі фильм қалың қазаққа жол тартты. Ендігісін ел айтсын...

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485