Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2876 0 пікір 13 Наурыз, 2017 сағат 09:11

Жалған терроризм" үшін сотталған мұғалімнің жазасы жеңілдетілді

Қарағанды қаласының соты "жалған терроризм" үшін сотталған мұғалімнің жаза мерзімін қысқарту туралы шешім шығарды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша, Юрий Пактың өтеуі тиіс мерзімі бес ай 10 күнге дейін қысқарды.

Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Қарағанды соты 2016 жылы қазанда физика пәнінің мұғалімі Юрий Пакты қалалық Орталық әмбебап дүкенге жарылғыш қойылған деген жалған хабар бергені үшін екі жылға бас бостандығынан айырды. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Түрме мерзімін қысқарту туралы өтініш сотқа 3 наурызда түскен. Бұған дейін жазасын өтеушінің әйелі Ольга Пак рақымшылыққа өтініш беруге кедергілер көп болып жатқанына шағымданым, әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443