Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 6031 0 пікір 3 Наурыз, 2017 сағат 10:15

ҰБТ-НЫҢ БУЫ. БАЯН ҺӘМ 26-БАП

Кешеден бері жұрттың аузында жүрген Баян Мақсатқызы (бұрын Есентаева еді) Елбасы нүктесін қойған 26-бапқа қатысты пікір айтыпты. 

"Қоғамның негізгі заңымыз - Конституцияға қатысты өзгерістерді талқылап жатқаны ешкімге де құпия емес. Мені Нұр Отан партиясының мүшесі ретінде және еліміздің азаматы ретінде жер мәселесі ерекше алаңдататын. Міне, бүгін мен жаңалықтардан Президенттің халықты қолдағанын ғана емес, сондай-ақ, оның өзінің өкілеттігін қысқартуға дейін барғанын оқып, қуанып қалдым. Мемлекет басшысы 35 өкілеттігін үкіметтегілер мен Парламентке беріп отыр. Енді біздің министрлер мен депутаттарымыздың расында да қандай рөл атқаратынын білетін боламыз! Бәрекелді, Нұрсұлтан Әбішұлы!", - деп жазды Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасында. "Тengrinews.kz" сайты хабарлады. 

Баян ханым эстрада "жұлдыздарының"  ішінде саясат жайлы, оның ішінде қоғамдық саясат турасында ой айтқан алғашқы адам емес. Осыған дейін Жер мәселесі өршіген тұста, эстраданың бірсыпыра өнерпаздары митингке шығып, өз қарсылықтарын білдірген еді. 

Баян ханымның жазбасын 1 сағаттың ішінде 19 мың адам оқыпты. Өзге әлеуметтік желілерде Баян Мақсатқызы саясатқа араласуы мүмкін деген гу-гу әңгіме өріп жүр. Алдағы уақытта біз продюсер ханымның өзінен бұны сұрап білеміз. 

Әзірге айтарымыз, бұл тәжірбиеде бар процесс. Ресей Думасының тең жартысы жұлдыздардардан құралса, еліміздегі бас партияның құрамы да жұлдздарға кенде емес. Сондықтан алда-жалда осындай әңгіме шығып жатса, оған таң қалмаңыз.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371