Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3683 0 пікір 2 Наурыз, 2017 сағат 15:44

Қырғыз парламенті "Текебаев ісі" бойынша комиссия құрмайтын болды

Жогорку Кеңештің депутаттары «Ата Мекен» фракциясының лидері Өмірбек Текебаевтың қамалуын депутат Аида Саляноваға қатысты құрылған комиссия аясында талқылауды жөн көрді. Мұндай шешім жалпы отырыста қабылданған.

«Ата Мекен» парламенттік фракцияның мүшелері Текебаевтың қамауға алынуының саяси астары бар деп мәлімдеп, арнайы комиссия құруды талап еткен. Талқылау барысында бірқатар депутаттар оның мәселесін қылмыстық іс қозғалған екі депутатқа қатысты құрылған комиссия аясында қарауды ұсынған. Осылайша, «Ата Мекен» фракциясының үш депутатының үстінен қозғалған қылмыстық істі бір комиссия қарайды.

Депутат Аида Саляноваға қарсы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Жогорку Кеңеште комиссия құру жөнінде 8 ақпанда шешілген. Енді комиссия бір айдан кейін қорытынды шығаруға тиіс.

Әзірге Бішкекте Өмірбек Текебаевты қолдауға арналған митинг аяқталды. «Ауа-райы өзгеріп жатыр. Алдын айтқандай, біздің акция Текебаев бостандыққа шықпайынша, жалғаса береді. Алайда арасында үзіліс болып тұрады», - деді Аида Салянова.

28 ақпанда Текебаев Бішкек қаласы Бірінші май аудандық сотының шешімі бойынша екі айға қамауға алынды. Ол ресейлік кәсіпкер Леонид Маевскийдің арызы бойынша ұсталған. Кәсіпкер 2010 жылы Текебаевқа «Мегаком» компаниясының акциясын иелену үшін бір миллион доллар бергенін айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371