Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
5366 1 пікір 1 Наурыз, 2017 сағат 13:20

18 ЖЫЛ АБАҚТЫДА ОТЫРҒАН ЖУРНАЛИСТКЕ ШАВКАТТЫҢ ШАПАҒАТЫ ТИДІ

 

Оппозициялық журналист Мұхаммад Бекжан 18 жылдан соң бостандық алды. Ол өзінің түрмеден шығуына байланысты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа алғыс білдірді.

Мұхаммад Бекжан – әлемде ұзақ уақыт түрмеде отырған санаулы журналистің бірі. "Түрмеде мен секілді тағы бірнеше журналист отыр. Олар - Юсуф Рузимуродов, Агзам Тургунов және Салиджан Абдурахманов. Оларға да бостандық беру керек. Бұған қоса президенттен "Ерік" партиясының белсендісі Мұхаммад Раджабты босатуын сұраймын. Ол 25 жылдан бері түрмеде отыр", - деді журналист.

Мұхаммад Бекжан - оппозициялық "Ерік" партиясының төрағасы Мұхаммад Салихтың інісі. Бекжан "Ерік" газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Өзбекстанда 1999 жылғы жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен жүздеген оппозициялық белсенді сотталды. Сол кезде Мұхаммад Бекжанды Украинадан ұрлап әкетіп, Ташкентте 13 жылға соттаған. 2011 жылы журналистің қамаудағы мерзімі тағы 4 жыл, 8 айға созылды. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған болатын.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1242
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2767
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 894
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 840