Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4034 0 пікір 1 Наурыз, 2017 сағат 10:58

Польшадағы Қазақстан елшісі қызметінен кетті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Әбибуллаев Алтай Ибрагимұлы Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды», – делінген ресми дерек көзінде. 

Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі болып 2016 жылдың 11 мамырында тағайындалған еді.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралған болатын.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 252
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 325
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 385
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 235